Прокурорлар апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу неге 5 жылдан астам уақытқа созылғанын айтты

06.02.2025, 16:34
365
Прокурорлар апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу неге 5 жылдан астам уақытқа созылғанын айтты әлеуметтік желіден

2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air ұшағы құлаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас көлік прокуратурасында 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Отырыста 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауын тергеу неліктен 5 жылдан астам уақытқа созылғаны айтылған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы жеткізді. 

Ведомствоның ресми сайтында Бас көлік прокуратурасының 2024 жылғы жұмысының қорытындысы жарияланған.

Өткен жылдары көлікте болған оқиғаларды талдау нәтижелері бойынша республиканың барлық көлік инфрақұрылымының үш негізгі проблемасы айқындалған.

Бірінші проблема – инфрақұрылымның жалпы тозуы, технологиялық дамудың жеткіліксіз деңгейі.

Көлік министрлігінің мәліметтері бойынша теміржол магистральдары 57 пайызға тозған, ескірген ҚТЖ локомотив паркі 61 пайызды құрайды. Прокуратура актілері бойынша әртүрлі қауіпсіздікті бұзғаны үшін ұзындығы 300 шақырымға жуық 29 магистральдық жол жабылған. Сертификаттау мерзімдерін бұзғаны үшін 396 жүк вагонның мемлекеттік тіркеуінің күші жойылып, пайдалануға тыйым салынған.

Қорытындыда көлік инфрақұрылымының екінші проблемасы ретінде білікті мамандардың тапшылығы айтылған.

"Мысалы, көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің әлсіздігіне байланысты 2019 жылы "БекЭйр" әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауын тергеу 5 жылдан астам уақытқа созылды. Тергеу басқармасындағы 6 тергеушінің біреуі ғана жеткілікті тәжірибеге ие болды. Білікті кадрлардың тапшылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі де бастан өткерген.

Прокуратураның бірқатар ұсынуынан кейін Көлік министрлігі 2024 жылы өз қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру және тағылымдама курстарын шетелде де ұйымдастырды, тергеушілер штатын құруға кадрлық тәсіл қайта қаралды. Бұл белгілі бір дәрежеде Ақтау қаласы маңындағы Әзербайжан әуекомпаниясының соңғы апатын тергеудің сапасы мен деңгейіне оң әсерін тигізді", - делінген хабарламада.

Қорытындыда тағы бір жүйелік проблема ретінде бұл – салалық қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келетін құқықтық базаның жеткіліксіздігі немесе болмауы көрсетілген.

"Көлік секторының маңызды процестері ұзақ уақыт бойы заң талап еткендей тиісті реттеусіз қала береді. Көлік субъектілері жергілікті актілерді және өз ережелерін басшылыққа алады.

Шын мәнінде, "БекЭйр" компаниясының ұшағы ұшу алдындағы дайындыққа байланысты емес техникалық регламенттермен реттелетін жағдайдың тұтқыны болды. Бұл ретте Көлік министрлігінің осы салада нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға заңнамалық мүмкіндігі болған жоқ", - делінген хабарламада.

Осыдан кейін прокурорлардың бастамасы бойынша бейіндік заңға өзгерістер енгізілген, оны іске асыру үшін әуе кемесін мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидалар бекітілген.

"БекЭйр" әуе кемесінің апатқа ұшырағаны туралы сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталды, іс материалдарымен қылмыстық процеске қатысушылар танысуда", - делінген хабарламада. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды