634

Cирия Президенті гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия президенті Башар Әл-Асад Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Cирия Президенті гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад 2023 жылы ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы.

"Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", – деп жазылған жеделхатта.