Көлік жүріп бара жатқанда жүргізуші инсульт алған

07.02.2025, 09:37
733
Көлік жүріп бара жатқанда жүргізуші инсульт алған Polisia.kz

Оны полицейлер құтқарып қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында полицейлер жол қозғалысы кезінде инсульт алған жүргізушіні дер кезінде байқап, оның өмірін сақтап қалды.

Polisia.kz мәліметінше, Степногорск – Заводской тас жолында патрульдеу барысында Степногорск қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция взводының қызметкерлері А. Смағұлов пен А. Аяғанов, сондай-ақ Ақсу қалалық полиция басқармасының бастығы А. Урустюмов траекториядан ауытқып келе жатқан көлікті байқаған. Олар жүргізушіге шұғыл көмек қажет болуы мүмкін деп күдіктеніп, көлікті тоқтатқан.

Күдік расталып, рөлдегі ер адамның жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болды. Ол есінен танып, айналасында не болып жатқанын түсінбеген. Полицейлер жүргізушінің инсульт алуы мүмкін деп болжап, жедел әрекет етті. Уақытты жоғалтпай, тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырып, оқиғаның төтенше жағдай екенін хабарлайды. Сонымен қатар, ер адамға таза ауа беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Оның жанында болған жұбайы қажетті дәрі-дәрмектердің қайда екенін айтып, полицейлер оларды дереу тауып берген. Жылдам әрі кәсіби әрекеттің арқасында жүргізуші медициналық көмек алып, өмірі құтқарылды, - делінген мәліметте.

«Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған