Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде әлемдік сахнаға шықпақ

07.02.2025, 23:43
386
Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде әлемдік сахнаға шықпақ Маңғыстау облысы әкімдігі

7 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті.

Басқосуда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» атты ауқымды мәдени жобаны ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

Шара аясында сәуір айында салтанатты ашылу салтанаты өтіп, қараша айының ортасына дейін әр айға арнайы тақырыптық бағыттармен 30-ға жуық ірі іс-шара ұйымдастырылады. Ашылу салтанатында 500-ден астам өнерпаз қатысып, этноқалашық бой көтереді. Онда түркі халықтарының мәдениеті мен дәстүрін таныстыратын жеті ауыл қызмет көрсетеді.  

«ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Ақтау қаласының ерекшелігін атап өтіп, оның Каспий теңізінің жағасында орналасуы, тарихи мұрасы мен заманауи келбетінің түркі әлемінің мәдени астаналары арасында бірегей екенін атап өтті.  

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай шараның маңыздылығын атап, оны жоғары деңгейде өткізу керектігін айтты. Ол: «Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы – біз үшін үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік. Біз бұл мүмкіндікті пайдаланып, өңіріміздің мәдени әлеуетін жаһандық деңгейде көрсетуге тиіспіз», – деді.  

Шара аясында театр, кино, опера, би, дәстүрлі өнер, ақындар айтысы, суретшілер симпозиумы, қолөнер шеберлерінің фестивалі, тарихи-ғылыми конференциялар және басқа да мағыналы іс-шаралар өткізіледі. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді