Қайсар клубы биыл легионер алудан бас тартты

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2025, 12:50
827
Қайсар клубы биыл легионер алудан бас тартты instagram.com/fckaysar_official

Бақтияр Артаев мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылордалық «Қайсар» командасы биыл шетелдік футболшылардан бас тартты. Енді олар тек қазақстандық футболшыларға сенім артады. Бұл жөнінде облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлім етті.

– Бұл шешімді жергілікті тұрғындар әртүрлі қабылдады. Елімізде жанкүйерлер тарапынан қазақстандық ойыншыларға көңіл бөлу қажеттігі туралы жиі айтылады. Десе де қазірге дейін нақты қадам жасалған жоқ. Неге біз ел жастарына үміт артпаймыз? Таланттарға неге жол ашпаймыз? Жаңадан жасақталған команда алғашқыда қарсыласына қауқар көрсете алмауы мүмкін. Алайда әрбір ойында олар тәжірибесін арттырады, шеберлігін жетілдіреді. Олардың арасынан мықты футболшылар шығады деген ойдамын. Қазір команданың 700 млн теңгеге жуық қарызы бар. «Қайсардың» басшылығына келген азаматтар одан құтылудың жолын қарастырып жатыр. Ол демеушілерден түскен қаржы есебінен жабылады, – деді басқарма басшысы.

Қазір қызылордалық клуб Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

«Қайсар» футбол клубының директоры Талғат Әбдіғаппарұлы қазір демеушілермен келісімшартқа қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ командаға ақша түсіру мақсатында қосымша қаржы көздері қарастырылып отыр.

Қазір облыс орталығында бой көтеріп жатқан 11 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион биыл мамыр айында пайдалануға берілмек. Ол УЕФА-ның үшінші категория талабына сай келеді. Бұл талап бойынша команда еурокубоктың топтық кезеңіндегі ойындарын да өз стадионында өткізуіне мүмкіндігі бар.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді