865

Ақтауда ереуіл аяқталды: «Қаскор-Машзауыт» кәсіпорнының қызметкерлері жұмысқа оралды

Машина жасаушылар әділдік іздеп ереуілге шыққан еді.

Ақтауда ереуіл аяқталды: «Қаскор-Машзауыт» кәсіпорнының қызметкерлері жұмысқа оралды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қаскор-Машзауыт» ЖШС машина жасау кәсіпорнының жұмысшылары басшылықпен екі жаққа тиімді келісімге келіп, осыған байланысты жақында басталған ереуіл тоқтатылды. Бұл туралы компанияның бас директоры Жандос Ғазиз хабарлады.

Жандос Ғазиз жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбек жағдайлары бойынша ортақ келісімге келгеніне сендірді.

Ереуілшілер қазір жұмыс орындарына оралды.

Еске салайық, өткен бейсенбіде, 6 ақпанда «Қаскор-Машзауыт» кәсіпорнының қызметкерлері кәсіпорынның Жаңаөзенге көшірілуіне байланысты жұмыстан босатылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор