887

Илон Маск «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысы» радиоларын жабуды ұсынды

Америкалықтардың салығын жалмап жатыр дейді.

Илон Маск «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысы» радиоларын жабуды ұсынды
РИА Новости / Алексей Витвицкий

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Америкалық миллиардер Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісінде АҚШ үкіметі қаржыландыратын «Азаттық радиосы» және «Америка дауысы» радиоларын енді ешкім тыңдамайтынын жазды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Ол сондай-ақ бұл ақпарат құралдарында «Жылына АҚШ салық төлеушілерінің 1 миллиард доллар ақшасын жалмап, өз-өзімен сөйлесетін радикал солшылдар жұмыс істейтінін» айтты.

Илон Маск өзінің жазбасын АҚШ президентінің арнайы тапсырмалар жөніндегі арнайы өкілі, Ұлттық барлаудың бұрынғы директоры Ричард Гренеллдің X әлеуметтік желісіндегі жазбасына жауап ретінде жариялады. 

– «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысы» радиосы – америкалық салық төлеушілер қаржыландыратын ақпарат құралдары. Бұл – мемлекеттік ақпарат құралдары. Бұл ақпарат құралдары әсіре солшыл белсенділерге толы. Мен бұл тілшілермен ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келемін. Бұл – өткен нәрсе, - деп жазды Ричард Гренелл.

Материал авторы