«4 мың теңгеге көмек берген»: әкімдіктің аула сыпырушысы ағаштан құлап, омыртқасын сындырған

10.02.2025, 17:28
585
«4 мың теңгеге көмек берген»: әкімдіктің аула сыпырушысы ағаштан құлап, омыртқасын сындырған t.me/@letterskz

Атырау полициясы қылмыстық іс қозғаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Атырау облысының Құрманғазы ауданында әкімдік қызметкері басшылардың бұйрығын орындау кезінде ағаштан құлап, ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат пайда болды. Жәбірленушіге жұмыс берушілер тарапынан көмек көрсетілмегені айтылды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Құрманғазы аудандық әкімдігінің кіші қызметкері ауруханада жатыр. Желіде тараған ақпарат бойынша, ол ауруханаға жеткізілген. Бірақ әкімдік ешқандай көмек көрсетпеген. Аудан әкімі Абат Жанғалиев зардап шеккен ер адамға барып, тексермеген. Ал аппарат жетекшісі Данияр Ердещов аула сыпырушының әйелін әкімге кіргізбей қойған. Бір ғана көмек – 4000 теңге такси үшін берілген. 

Жәбірленушінің айтуынша, полиция іс қозғамаған, оқиғаға қатысты тергеу бір аптадан бері басталмаған.  

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі фактіні растап, қазір еңбек инспекциясы мен құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатқанын айтты.

Полиция қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

"2025 жылдың 22 қаңтарында аумақтағы ағаштарды өз бетінше кесу кезінде Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының аула сыпырушысы жарақаттанған. Ол ауруханаға түсті. Алдымен аудандық ауруханаға жатқызылды, кейін Атырау облыстық ауруханасына ауыстырылды. Жұмыс беруші заң шеңберінде құқықтық қолдау мен материалдық көмек көрсетеді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен құқық қорғау органдарына хабар беріліп, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің жағдайы мен алған жарақатының туралы ақпарат беруден бас тартып, мұны жария етуге құқығы жоқ екенін алға тартты.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол