Астанада құрылыс салушыларға қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды

06.03.2023, 17:08
896
Астанада құрылыс салушыларға қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Астанада қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың бұзылуына байланысты 2 құрылыс нысанында («Райымбек» және «Ayana Plaza» көппәтерлі тұрғын үй кешені) құрылыс-монтаж жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

«Райымбек» көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша анықталған бұзушылықтар жойылды. Ал «Ayana Plaza» көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша материалдар сотқа берілді. Сондай-ақ өткен жылдың өзінде мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 87 жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұл сомасы 16 млн 700 мың теңгеден асты.

Құрылыстағы өндірістік жарақаттанудың негізгі себебі нысандарда жұмыс өндірісінің жоғары қарқыны және құрылыс салушылар тарапынан еңбектің қорғалуы мен қауіпсіздік техникасына қажет қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі болып саналады. Көп жағдайда шағын мердігерлік ұйымдарда қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жоқ.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен (қорғаныс бас киімі, арнайы киім, монтаждау белдігі), сондай-ақ ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, биік орындардағы жұмыс орындарында және оларға өтетін жолдарда қорғаныс қоршаулары болуы керек және заттардың биіктен құлап кетпеуі үшін қорғаныс торлары болуы керек.

Құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары сақталмаған жағдайда жұмыстың барлық түрі тоқтатылады, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылатын болады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді, ұйым басшылығына өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттер түсіндіріледі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды