Алкоголь сатуға лицензия беру толық автоматтандырылды – Мемлекеттік кірістер комитеті

06.03.2023, 17:49
1007
Алкоголь сатуға лицензия беру толық автоматтандырылды – Мемлекеттік кірістер комитеті

Елімізде алкоголь өнімдерін сатуға берілетін лицензияны автоматты түрде алуға болады. Толығырақ Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілендіру департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерлан Далбин айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Алкоголь және темекі өнімдерін сатумен айналысуға лицензиялар беру автоматтандырылған. Оны e-gov.kz веб-портал арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар артық талаптардың жойылғанына бірнеше жыл болды. Бүгінде лицензия алу оңай әрі қолжетімді. Сол сияқты салық төлеуші кірістер департаменті мамандарымен тікелей байланыспайды. Бұл бір жағынан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алса, екінші жағынан, бірыңғай тәртіп. Қандай да бір құжаттар болмаған жағдайда жүйе автоматты түрде лицензия беруден бас тартады», - деді Ерлан Далбин кірістер комитетінің YouTube каналында өткен тікелей эфир барысында.

Спикер айтқандай, алкоголь және темекі өнімдерін сатуға лицензия алу тәртібі туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан табуға болады.

Сондай-ақ, комитет өкілі ұсынған мәлімет бойынша, сыра және этил спирті мен алкоголь өнімін сатуға 3 000 АЕК алым, тек сыра сусынын өндіруге 2 000 АЕК қарастырылған.

Алкоголь өнімдерін көтерме сатуға лицензия 200 АЕК тұрады. Айтуынша, лицензиялар құны өңірлер бойынша өзгеріп отырады. Атап айтқанда, Астана және республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде 70 АЕК, ал ауылдарда 30 АЕК алым көзделген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді