629

«НДС» дауы: Экономика министрі ҚҚС шегін 15 млн теңгеге төмендетуді ұсынды

Үкімет қосымша құн салығының шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге түсіруді ұсынатынын мәлімдеді.

«НДС» дауы: Экономика министрі ҚҚС шегін 15 млн теңгеге төмендетуді ұсынды
t.me/@KZgovernment

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында қосылған құн салығын саралап реттеудің басты жаңашылдықтарын таныстырды.

- Бүгінде кәсіпорындардың тек 4 пайызы ғана қосылған құн салығын төлеп отыр. Көптеген компания салықтан жалтару үшін саналы түрде бизнесін бытыратып тастаған. Бұл салық жүйесін бүлдіріп, ҚҚС-ті қалыпты есептеуге кедергі келтіреді. Сондықтан ҚҚС есебіне алудың ең төменгі шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз, - деді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол келешекте салық төлеуден жалтармай, адал жұмыс істеу бизнесті ыдырату шығындарынан төмен болатындай жағдай жасалатынын атап өтті.

- Бұл бизнеске теңгерімді жағдай туындатып, салықтан жалтару схемаларының жолын кеседі, - деген Серік Жұманғарин бұл мәселеде халықаралық тәжірибе басшылыққа алынғанын айтты. 

Материал авторы