Жүз жыл алдынғы журналистика: Отыншы Әлжанұлының жолы

11.02.2025, 12:47
746
Жүз жыл алдынғы журналистика: Отыншы Әлжанұлының жолы мұрағаттан

Қоғамдағы әділеттілікке ұмтылу, тың ақпарат табу және мазмұнды мақала жазу – бұл қағидалар қазақ журналистикасында бір ғасыр бұрын да өзекті болды. Қылышын да, қаламын да қатар ұстаған Отыншы Әлжанұлы XIX ғасырда-ақ қазіргі заман журналистикасының негіздерін меңгерді.

Отыншы Әлжанұлының өмірі мен қызметі

Отыншы Әлжанұлы – Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Алашорда үкіметінің мүшесі, Жетісудағы Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, ағартушы-публицист, халық мұғалімі және Лепсинск халық милициясының бірінші командирі. Репрессия дейін қызылдарға қарсы қақтығыста мерт болған батырлардың бірі. Ол ұлттық мүддені қаламмен де, қарумен де қорғаған қайраткер. Оның публицистикалық еңбектері осы күрестің айқын көрінісі.


Сурет: history.kz

Публицистикалық мұрасы

Отыншы Әлжанұлының «Дала Уәлаяты» газетінде жарияланған мақалалары оның ағартушылық миссиясын көрсетеді. Олардың қатарында:

"Қазақтарға пайдалы кітаптар"
•  "Қазақ балаларын тәрбиелеу туралы әңгімелер"
•  "Қазақ даласында халыққа білім беру туралы"
•  "Қазақ мектептерін құру"
•  "Қазақтарда арнайы даярланған мұғалімдер болуының қажеттігі туралы"
•  "Білімге қарай тағы бір қадам"

Бұл мақалалар ұлттық сананы ояту мен білімді тарату мақсатында жазылды. Бүгінде әлеуметтік желілерде танымды ақпаратты пост ретінде бөлісу – заманауи әдіс болса, өткен ғасырда баспасөз арқылы халыққа білім беру ең тиімді ақпараттық құралдардың бірі болған еді. Осы ретте, Отыншы Әлжанұлы ұлттық код пен білім мәселесін көтеруде публицистиканы шебер қолданды.


Сурет: alash.semeylib.kz

Отыншы Әлжанұлы жас ұрпақты білімге баулуы өзінің сауатты отбасыда өсуімен негізделеді. Тарихи деректерге сүйенсек оның жеті атасы дәулеттен арылмаған, Құнанбай секілді бай, беделді адамдармен құдаласқан. Одан бөлек Отыншы Әлжанұлыны өзінің қысқа ғұмыр кешетінін сезгендей әйеліне: «Егер мен бір жаман жағдайға ұшырайтын болсам, барлық жинаған қаражатты балаларымыздың біліміне жұмсауға  уәде бер», – деп жиі айтқан.

Журналистік зерттеулер және тарихи аңыздар

Отыншы Әлжанұлының зерттеушілік қыры әсіресе қазақ аңыздарын қағазға түсіруде айқын көрінеді. Шоқан Уәлиханов халық арасында тараған аңыз-әңгімелерді алғаш жазып алған тұлғалардың бірі ретінде танылса, Отыншы Әлжанұлы да қазақ болмысын ашатын халық хикаялары мен аңыздарын қағазға түсірген публицистердің бірі болды. Оның «Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан» хикаясы – көпке танымал жұмыстарының бірі. Сондай-ақ, "Танабай һәм батыр", "Қарынбайдың хикаяты" секілді қағаз бетіне түсірген еңбектері де ұлттық мәдениетке қосқан үлесі ретінде бағаланады.


Сурет: history.kz

Репортаж жанрындағы жаңашылдық

Отыншы Әлжанұлы ХХІ ғасырда кең тараған журналистиканың маңызды жанрларының бірін – репортажды XIX ғасырда қолданған. 1896 жылы Отыншы Әлжанұлының “Сарттардың тобындағы мәжіліс” мақаласы “Дала уәлаяты” газетінің №6 санында Байбүркін лақап атымен жарияланды. Автор сарттардың бача-базилармен, қызша киінген сұлу жүзді кіші жастағы ұл балалармен көңіл көтеруін мәлімдейді. Бача-бази – орта ғасырдан бері келе жатқан жасөспірім ұлдар арасындағы зорлық-зомбылықтың түрі. Парсы тілінен сөзбе-сөз аударғанда бача – «ұл», бази – «ойнау», яғни «ұлдармен ойнау» деген мағынаны білдіреді. Автор мақалада қазақ қоғамының моральдық құндылықтарын қорғауға және жат, әрі ерсі мәдени ықпалдарға қарсы тұруға шақырды. Ол оқиға орнындағы куәгердің сөздерін пайдаланып, тың ақпаратқа толы мақала жазды. Бұл әдіс оның белгілі бір жүйеге немесе дәстүрге қарсылығын спикердің сөзі арқылы жеткізуге мүмкіндік берді.

Отыншы Әлжанұлы – қазақ журналистикасындағы алғашқы феминистердің бірі ме?

1895 жылы жарық көрген «Печальное положение современной киргизской женщины» мақаласында Отыншы Әлжанұлы қазақ әйелдерінің ауыр жағдайын көтерді. XIX-XX ғасырларда қазақ халқын артта қалған, "ескі" дәстүрлерді ұстанатын ұлт ретінде көрсету тенденциясы болды. Алайда, автор тіпті бұл тақырыпты тереңінен зерттеп, әйел құқығы мәселесін орыс тілінде нақты талдады.

Отыншы Әлжанұлы – қазақ журналистикасының бастауларында тұрған тұлғалардың бірі. Ол публицистика арқылы қоғамның түйткілді мәселелерін көтеріп, ұлттық құндылықтарды қорғауға атсалысты. Оның еңбектері бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпайды, ал қолданған әдістері қазіргі журналистика үшін үлгі бола алады.

ӘДЖІҚҰЛ ҚАЛАМҚАС

 

Дереккөздер:

1 О.Әлжанұлының өмірбаяны

2 О.Әлжанұлының өмірбаяны мен отбасы

3 Mondloch, Chris. «Bacha Bazi: An Afghan Tragedy Wayback Machine» Foreign Policy. Monday 28 October 2013.

4 Отыншы Әлжановтың публицистикасы

5 "Уақыт тынысы", 1992 жыл, 5,12-қараша;

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды