«Күйеуіме сенемін»: өгей әкесінің зорлығынан соң босанған қыздың анасы жұртты шошытты

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2025, 13:31
1942
«Күйеуіме сенемін»: өгей әкесінің зорлығынан соң босанған қыздың анасы жұртты шошытты бейнежазбадан алынған кадр

16 жасар қыз сәбиді әкесінен туғанын ДНҚ сараптамасы 99,9% нәтижемен растаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таразда 16 жастағы қыздың өгей әкесі жасөспірімді зорлап, жүкті қылды деген күдікпен ұсталды.

Таразда 16 жастағы қыз өгей әкесінің зорлауынан жүкті болып, босанды. Жасөспірімнің отбасы журналист Руслан Өтепбайға жүгініп, оқиға туралы айтып берді. Бұл туралы журналистің YouTube арнасында жарияланған видеода айтылды.

Қыздың анасының айтуынша, ол бастапқыда қызын мектепте 9-сынып оқып жүргенде белгісіз біреу зорлады деп ойлаған.

Үш қызым бар. Үлкен қызым – алғашқы некемнен, қалған екеуі – екінші некеден. Бірінші күйеуім қайтыс болған соң, қайта тұрмысқа шықтым. Үлкен қызым 9-сыныпта оқып жүргенде мешіттің артында белгісіз біреу зорлап кеткен. Ол адам қызымды қорқытып, ешкімге айтпауын талап еткен. Сол себепті қызым бұл туралы маған да, басқа біреуге де айтпаған, – дейді анасы.

Осы жағдайдан кейін жасөспірім қыз жүкті болып қалған. Анасы қызының зорланғанын да, жүкті екенін де толғақ басталғанда ғана білген.

Қызым 29 қарашада босанды. Толғақ басталған кезде ғана жүктілігін білдік. Ол бойы ұзын қыз, ішінің үлкейгені байқалмады. Жедел жәрдем шақырдық, дәрігерлер жүктілігін растады. 16 жасқа толуына 10 күн қалғанда босанды, – дейді анасы.

Алғашқы тергеу кезінде полиция қызметкерлері қызды зорлаған адам өгей әкесі болуы мүмкін деген тұжырымға келген.

Құқық қорғау органдары менің екінші күйеуімді күдікті деп отыр. Бірақ ол мұны жоққа шығарады. Өзім де бұған сенбеймін, – дейді қыздың анасы.

Алайда жасалған ДНҚ сараптамасы күдікті ер адамның қыздың өгей әкесі екенін көрсетті.

Қызымнан, өгей әкесінен және нәрестеден алынған сараптама 99,9% оның әке екенін растады. Бірақ мен бұл нәтижеге күмәнмен қараймын. Біреу қолдан жасаған сияқты, - дейді әйел.

Журналист күдікті деп танылған өгей әкемен де сұхбаттасыпты. 

Мен 55 жастамын. Қазіргі әйеліммен 14 жылдан бері отасып келеміз. Біз үйленген кезде өгей қызым 3 жаста болатын. Өзім тәрбиелеп өсірдім. Алайда қазір мені басты күдікті ретінде қарастырып отыр. Бастапқыда қызымның әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бір жігітті күдікті ретінде анықтап, тергеуге алған еді. Бірақ қызым оны танымайтынын айтты. Осыдан кейін қызымнан, менен және әлгі жігіттен ДНҚ сынамасы алынды. Сараптама нәтижесі бойынша 99,9% әкелігім расталды, осылайша мен күдікті ретінде танылдым. Бұл жағдайға түсінік бере алмаймын, – деді өгей әке.  

Алғашқы сараптама нәтижесінен кейін отбасы Алматыға барып, тәуелсіз орталықта қайтадан ДНҚ сараптамасын жасатты. Алайда бұл зерттеудің қорытындысы да алғашқы нәтижемен сәйкес келіп, 99,9% сәйкестік көрсеткен. Өгей әке бұл нәтижемен де келіспейтінін мәлімдеді.  

Сұхбат барысында полиция қызметкерлері келіп, өгей әкені бөлімшеге алып кетті. Кейін белгілі болғандай, полиция бөлімінде күдікті өз кінәсін мойындаған. Жәбірленуші қыз да өгей әкесінің өзін зорлағанын растады.  

Оқиғаға байланысты Жамбыл облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады:  

Тараз қаласының полиция бөліміне ауруханадан 16 жастағы қыздың ерте жүктілік диагнозымен түскені туралы хабарлама түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен 54 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген полиция хабарламасында.  

Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады