«Іске жарамды азаматтар жәрдемақыға қарап қалды»: Құлсарыда жұмыссыздар ереуілге шықты

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2025, 14:46
556
«Іске жарамды азаматтар жәрдемақыға қарап қалды»: Құлсарыда жұмыссыздар ереуілге шықты бейнежазбадан алынған кадр

100 мың теңгеге де тамақ ала алмайсың дейді ашынған тұрғындар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Құлсары қаласының жұмыссыз азаматтары наразылығын білдіріп, жұмысқа орналастыруды талап етті. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайты жазды.

Құлсарылықтардың билік өкілдеріне айтқан талабы түсірілген бір емес, бірнеше видео жергілікті пабликтерге тарап кетті. 

«Жұмыссыздыққа байланысты жиналып жатырмыз. Өйткені қазір жұмыссыздық белең алып кетті. Іске жарамды азаматтар қазір жәрдемақыға қарап қалды. Алты айдан кейін ол да бітеді. Содан кейін не істейміз? Біздің талап – 14-14 күндік жергілікті компаниялар жұртты жұмыспен қамту керек. Қазір бізді қысқартып жатыр. Тек осындай талаппен әңгімемізді естісін деп келіп отырмыз. Бұл ешқандай митинг емес. Ешқандай арандату жоқ. Осындай жұмыссыз адамдар бар екенін көрсеткіміз келіп тұр», – дейді тұрғындардың бірі.

Жиналған азаматтардың алдына билік өкілдерінен адамдар келген. Бірер полиция қызметкері де байқалады. Жұмыссыз азаматтар Еңбек.кз арқылы жұмысқа тұрыңдар деген соң, сол арқылы тіркеліп, екі қолға бір күрек таппақ болған. Бірақ “одан да қайыр болмады” дейді.

«Вакансиялар жәрмеңкесі деген болады. Қаншамасы өтті. Бірде-бірі жұмысқа ала қойған жоқ. Сіздерге айтуға оңай. Бюджеттен ақша алып отырсыздар. Бес балам бар. Сіздің айлығыңыз қанша? 300 мың теңге ме? Бізде ондай жоқ», – дейді тағы бір азамат билік өкіліне қарата.

Жиналған азаматтар өңірдегі іргелі ТеңізШеврОйл, ЕмбіМұнай газ, ҚазМұнайГаз сынды компанияларға тұрғысы келеді-ақ. Сол үшін қоғамдық кеңеске өтініш те түсірген. 

«Қазір 100 мың теңгеге де тамақ ала алмайсың. Ашынғаннан осында келіп тұрмыз», – дейді олар.

Ulysmedia.kz сайты Атырау облысы әкімдігіне хабарласып, ресми ақпарат алған. Жауап Жылыой ауданы әкімдігінен келді.

«Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесуде жұмыспен қамту және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері халықты жұмыспен қамту үшін Жылыой ауданы әкімдігінің қабылдаған шаралары жайлы түсіндірді. Атап айтқанда, "Жылыой ауданының мансап орталығы" арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды, ол жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындарын таңдауда, сондай-ақ оқыту мен біліктілікті арттыру курстарынан өтуде қолдау көрсетеді. Қайтарымсыз гранттар беруді, "Бизнес бастау" және "Онлайн Skills" бағдарламалары бойынша оқытуды, сондай-ақ тоқсан сайынғы бос орындар жәрмеңкелерін өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары қосымша түсіндірілді», – деп хабарлайды әкімдік.

Әкімдіктің мәліметінше, ақпарат алғаннан кейін тұрғындар тарап кеткен.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті