«Қателігімді түсіндім»: Алименттен қашып жүрген әке сотталып кетті

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2025, 18:33
474
«Қателігімді түсіндім»: Алименттен қашып жүрген әке сотталып кетті Polisia.kz

Байқоңырда алимент төлемеген әке жауапқа тартылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Р. есімді азамат өзінің кәмелет жасқа толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарғаны үшін сотты болған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде қазіргі таңда 40-қа жуық сотталған адам тұрады. Олардың арасында өз балаларына алимент төлемегені үшін сот үкімімен жазаланғандар да бар. Пробация бақылауындағы үш азамат дәл осы себеппен есепке алынған. Олардың бірі Р. есімді азамат өзінің кәмелет жасқа толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК-нің 139- бабымен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, 100 сағат мәжбүрлі еңбек тағайындалып, Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне алынады. Қазіргі уақытта сотталған Төретам мен Ақай кенттерінде көше тазалау жұмыстарын атқарып жүр.

– Алиментті уақытында төлемегенімнің салдары осындай жауапкершілікке алып келді. Қателігімді түсіндім. Пробация қызметкерлері тұрақты жұмысқа орналасуға көмектесіп жатыр. Егер бұрыннан заң талаптарын орындап, өз міндетімді дұрыс атқарғанымда, мұндай жағдайға түспес едім. Жұмысқа орналасып, болашақта балаларыма тұрақты түрде көмектесуді ойлап жүрмін, – дейді сотталған азамат.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді