Интеллектуалдар алаңы: «Азамат» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады

12.02.2025, 10:16
551
Интеллектуалдар алаңы: «Азамат» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады KHABARTV

25 жыл бұрынғы бағдарлама эфирге қайта оралмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Хабар» телеарнасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Азамат» бағдарламасы эфирге қайта оралады. Бұл туралы «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлімдеді.

2000-жылдардың басында «Хабар» телеарнасында көрсетілген «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы тұтас бір буынның есінде қалды. Бұл жоба көшбасшыларды тәрбиелейтін, студенттердің шешендік өнерін шыңдап, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өз көзқарасын дәлелді қорғауға үйрететін маңызды алаңға айналды. Дәл осы бағдарламадан шыққан түлектер қазіргі таңда мемлекеттік қызметте, білім беру және кәсіпкерлік салаларында ел дамуына үлес қосып жүр.

15 жылдан кейін «Азамат» телебағдарламасы жаңартылған форматтакөрерменге қайта ұсынылып отыр. Қазақстанның 100 жоғары оқу орнының арасынан пікірсайыс клубтары белсенді жұмыс істейтін 32 университет іріктеліп алынды.

Жаңартылған «Азамат» бағдарламасының алғашқы шығарылымы Наурыз мерекесі қарсаңында «Хабар» телеарнасынан эфирге шығады. Бұл – студенттерге өз қабілеттерін танытып, аналитикалық және шешендік өнерлерін паш етуге берілген бірегей мүмкіндік.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды