Лифтіде бүлдіршінді аяусыз пышақтаған жасөспірім бұрын кішкентай қызға да тиіспек болған (ВИДЕО)

12.02.2025, 09:50
854
Лифтіде бүлдіршінді аяусыз пышақтаған жасөспірім бұрын кішкентай қызға да тиіспек болған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жасөспірім есепте тұрған шизофреник екені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада лифт ішінде бес жастағы балаға шабуыл жасаған оқиғадан кейін шизофрениямен ауыратын жасөспірімнің қатысуымен тағы бір видео әлеуметтік желіде тарады.

Бейнебақылау камераларындағы жазбада жасөспірім қыз баласына тиіспек болғанын байқауға болады. Оқиға бірінші қабатта орын алған: қыз бала лифт ішінде болған, ал жасөспірім есіктің жабылуына кедергі келтіріп, оны қорқытқан. Қыз бала батырманы басып, кетуге тырысқанымен, жасөспірім оған мүмкіндік бермеген. Бір сәтте шабуылдаушы пышақ шығарған.

Абырой болғанда, жасөспірім кенеттен назарын басқа нәрсеге аударып, оқиға орнынан кетіп қалған. Қыз бала физикалық жарақат алмағанымен, қатты күйзеліс жағдайында қалған.

Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жасөспірім белгіленген тәртіп бойынша оқшауланатын болады.

Сонымен қатар, беті жараланған бес жастағы баланың ауыр жағдайда жатқаны белгілі. Дәрігерлер оның өміріне тікелей қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды