Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларымен күресте күш біріктіреді

12.02.2025, 11:54
517
Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларымен күресте күш біріктіреді ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Қаржылық мониторинг агенттігімен (ҚМА)  бірлесіп, қаржы пирамидаларынақарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған жаңа жобаға бастама жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жоба әскери қызметшілердің заңсыз схемалардың қатерлері туралы хабардарлығын арттыруға және алаяқтық құрылымдардың таралуына жол бермеуге бағытталған.

Бастама аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер ҚМА Превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдовпен және «AML Academy» академиясының маманы Дархан Құсайыновпен кездесті.

Олар қаржылық пирамиданы қалай тану керектігін, қандайинвестициялық ұсыныстарды мұқият тексерудің маңыздылығын, сондай-ақ әрбір азамат күдікті жобаны «Baiqa, piramida» ресми Telegram-боты арқылы қалай тексере алатынын егжей-тегжейлі айтып берді. Мамандар сондай-ақ ғаламторда дроптар туралы күмәнді вакансиялар кездесетінін, олардыңартында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертті және азаматтардың жеке деректері мен қаржыларын ұрлау үшін қолданылатын фишинг және вишинг схемаларына тоқталды.

– Ұлттық ұланмен бірлесіп, біз әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды ықтимал тәуекелдер туралы ескерту міндетін алдымызға қойып отырмыз. Алдағы уақытта осындай іс-шаралардытек Бас қолбасшылық базасында ғана емес, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтарда да өткізу жоспарда бар. Сонда әскери қызметшілер барынша қажетті білім алып, өздерін және жақындарын алаяқтықтардан қорғай алады, - дейді ҚМА Превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдов.

Бастама көтеріп отырған тараптар осы бағыттағы жұмысты одан әрікүшейтпек. ҚМА мен Ұлттық ұлан арасындағы нақты нәтижеге бағытталған кездесулерді әскердің өңірлік қолбасшылықтарында да өткізу жоспарлануда. Алаяқтықтардың алдын алу мақсатында аталмыш күреске әскери тәрбиешілер де жұмылдырылады. Қос ведомство осылайша, маңызды ақпараттардың әрбір сарбазға жетуін көздеп отыр.

Ұландықтар ҚМА-мен ынтымақтастық қаржылық алаяқтыққа байланысты қатерлерге тиімді ден қоюға, сондай-ақ әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жобаны іске қосумемлекеттік органдардың елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысы аясындағы маңызды қадам. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады