«Өте сұмдық жағдай»: Депутат ауытқуы бар адамдарды үйіне жібермеуді ұсынды

Аиса Махамбет Редактор
12.02.2025, 11:22
922
«Өте сұмдық жағдай»: Депутат ауытқуы бар адамдарды үйіне жібермеуді ұсынды бейнежазбадан алынған кадр

Нартай Сәрсенғалиев шизофреник жасөспірімнің кішкентай баланы пышақтағаны туралы айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Астанада 5 жасар баланың бетін пышақпен тіліп тастаған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Депутаттың айтуынша, психологиялық ауытқуы бар, есепте тұрған науқастарды бақылау мәселесін қайта көтеру керек.

Бетін тілгілеп тастады деген ақпаратты оқыдым. Мән-жайды толық зерттемедім. Бұл шынымен де өте сұмдық жағдай. Жапа шеккен баланың өміріне, денсаулығына, онан соң бетіндегі тыртықтар өмір бақи қалатын болса психологиясына кері әсер ететінін анық. Сондықтан біз қоғамды барынша қауіпсыз қылуымыз керек.

Психологиялық диспансерде тіркеуде тұрған адамдарды арнайы қағазбен үйіне жіберіп жатады. Кешегі жағдайдан соң психологиялық ауытқуы бар адамдарды үйіне жіберу мәселесін қайта қозғау керек екенін көрсетіп бергендей. Күдікті баланың ата-анасы заң тұрғысынан тиісті жазасын алады деген ойдамын. Жапа шеккен бала шошып қалмай, ауыр соққы алмай, жазылып, қатарға қайта қосылады деп үміттенемін, - дейді Нартай Аралбайұлы. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысында жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы видео тарады. Астана қалалық Полиция департаменті растады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды