«45 мың теңге айлығына баласына дәрі алады»: Депутат ерекше бала бағып отырған ата-аналардың жанайқайын жеткізді

12.02.2025, 13:31
782
«45 мың теңге айлығына баласына дәрі алады»: Депутат ерекше бала бағып отырған ата-аналардың жанайқайын жеткізді parlam.kz

Мәжілісте мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін көтеріп жүрген депутат Таңсәуле Серіков ауытқуы бар, ақыл-есі кем балалардың қамқоршыларына көмек көрсетуді сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков әрекетке қабілетсіз және ақыл-есі кем балалар мен олардың қамқоршыларына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың аздығына налыды. 

Депутат премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында мұндай адамдар 18 жастан асқан соң олардың қамқоршылары жәрдемақыдан айырылатынын, алайда ол балаларға бәрібір қасында үнемі қараушы керектігін алға тартты.

Әрекетке қабілетсіз немесе ақыл-есі кем адамдардың құқықтарын қорғауды заңды өкілі, яғни 18 жастан асқасын сотпен белгіленген қамқоршы қамтамасыз етеді. Иә, 18 жасқа дейін жәрдемақы балаға да, қамқоршыға да төленеді. Бірақ одан кейін де ол анасы үшін бәрібір бала, ол 18 ден асқан соң ақыл-есі дұрысталып, керемет болып кетпейді. Әрбір ана баласына тегін де қарай алады, соңғы демі қалғанша күте де алады. Алайда жәрдемақы 2-3-топтар қамқоршыларына берілмейді. Психикалық ауруы болса, оған психотроптық дәрі-дәрмегі, күнделікті қажет заттарын, ас суын алуға да бөлінген жәрдемақы жеткіліксіз, - деді депутат.

Мәжілісмен осыған ұқсас мәселемене өтініш жасайтын адам саны көп екенін де қоса кетті.

Жалғызбасты ана ауылдық жерде ақыл-есі кем баланы бағып, оған қамқоршылық жасап отыр. Қамқоршыға ешқандай ақы төленбейді. Ол баланы қасында қарап отырмаса, басқа адамдарға зиянын тигізуі, үйді өртеп жіберуі немесе өзге түгілі, өзіне де қауіп төндіруі әбден мүмкін.

Міне, осындай баланы бақылап, қамқоршы болып отырған анасы ешқандай да ақы алмайды. Қаржы жетіспеушілігінен, анасы бір жерге жалынып еден жуушы болса, екінші жерге өтініп аула сыпырушы болып екі жұмыс істейді екен. Еден жуушының жалақысын баласына уақытша қарап отырған адамға төлесе, аула сыпырушының 45 мың еңбек ақысын балаға дәрі-дәрмек алады және қалаға емге барып келгені үшін таксиге әр барғанына 10 мың теңгеден төлейді екен. Бір жалақысы ауылдан қала немесе аудан орталығына 4 рет барып келуге ғана жетеді, - дейді ол.

Ондай ананың демалмақ түгілі, ауыруға да уақыты жоқ. Себебі бала үнемі назарда болуы керек.  

1-топ мүгедектеріне жәрдемақы берілгенімен, 2-3топтағылар қалыс қалуда. Сондықтан мүмкіндігінше 1-топқа өткізу керек және 2-3-топ мүгедектерін инватсаксимен қамтамасыз ету қажет. Осылай мүгедекке мүмкіндік жасай алмасақ, несіне марқайып жүрміз. Ақыл-есі кем адамдарға арналған кеңістіктер мен мекемелер негізінен ірі қалаларда орналасқан. Ауылдағы азаматтарға тіптен қиын. Қолжетімді инфрақұрылымның болмауынан көптеген азамат жапа шегуде. Оның ішіне мамандардың жетіспеушілігін қосыңыз, - дейді Серіков.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда мінез-құлық бұзылыстары мен психикалық жағдайы бар 200 мыңға тарта адам тіркелген. Психологиялық ауытқуы бар ересектер адамдар саны 2024 жылы 1705 адамға өскен. Ақыл-есі кем балалар саны 3955 балаға ұлғайған. Яғни бүгінде мұндай 27 286 бала бар. Өкінішке қарай, Батыс елдеріндегідей оларды еңбек терапиясымен емдеп, қоғамға бейімдемек түгілі, қарапайым қамқоршыға қамқор бола алмай отырғанымызға күйінеді. Осы орайда депутат өз ұсыныстарын да жеткізген.

  1. І топтағы ақыл-ес кемшілігі бар мүгедектер қамқоршыларына 18 жастан асқан соң да арнайы жәрдемақы белгіленсін.
  2. Туғаннан ақыл-есі кем балаларға бірден І топ мүгедектігі берілсін.
  3. Ақыл-ес кемшілігі бар І-ІІ топ мүгедектеріне арнайы инватакси қызметі белгіленсін.
Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды