Бүгін Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл

13.02.2025, 09:42
534
Бүгін Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл жеке мұрағатынан

Тірі болғанда қазақ музыка өнерінің майталманы 85 жасқа толар еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 ақпан – ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің туған күні. Тірі болғанда қазақ музыка өнерінің майталманы 85 жасқа толар еді.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған.

1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді.

Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.

Қазақтың ән өнеріне зор үлес қосқан сазгердің репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алған. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың авторы.

Марапаттары: Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері. «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл медалі», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалінің иегері, Орал педагогика иниституты мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Композитор 2021 жылы 30 сәуірде коронавирустан қайтыс болды. 

Алматы музейінде Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «Атамекен» – ел рухы» атты көрме ашылды. Онда композитордың жеке заттары мен фотосуреттері, марапаттары, сахналық костюмдері, партитуралары, музыкалық аспаптары, афишалар және отбасылық заттары тұр.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді