«Үйлерінен баланың айқайлағаны естіледі»: Лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің отбасы туралы көршілері айтып берді

13.02.2025, 10:10
1083
«Үйлерінен баланың айқайлағаны естіледі»: Лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің отбасы туралы көршілері айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Бес жасар Батыр белсенді, көпшіл бала болса, жасөспірімнің отбасы оқшау жүретін

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 ақпанда тұрғын үйлердің бірінде жасөспірім лифт ішінде пышақпен 5 жасар балаға шабуыл жасаған. Қайғылы жағдай көршілерді дүр сілкіндірді. Бұл олардың тұрғын үй кешенінің ауласында болғанына көпшілік сене алмайды. Tengrinews.kz ауданды аралап, болған оқиғаға қатысты үй тұрғындарының не айтып жатқанын анықтады.

Үй тұрғындары не болғанын талқылайды, олардың арасында қорқыныш пен шиеленіс сезіледі. Зардап шеккен баланың көршілері болған оқиғадан әлі айыға алмай келеді. Олар бес жасар Батырды өте мейірімді, белсенді, көпшіл бала ретінде таниды. Үй тұрғындарының бірінің айтуынша, ол ауланың нағыз сүйіктісі болған: үйірмелерге баратын, адамдармен оңай араласатын және әрқашан жақсы көңіл-күйде болатын.

"Ол өте көпшіл, барлық жерге барады: мектепке де, үйірмеге де барады. Жалпы, ол біздің сүйікті, сондай жігерлі, мейірімді бала. Ол бәрімен араласады, лифтте бірдеңе айтып, сұрақ қояды. Үйде болсам да оның мектептен, сосын үйірмелерге кетіп бара жатқанын көремін. Осының бәрінен әлі шошып жүрмін", - дейді көршісі.

Фото:Tengrinews

Көршілерінің айтуынша, шабуыл жасаған бала бұл жақтан емес: ол басқа ауданнан келген. Тұрғындар агрессордың жанұясының оңаша өмір сүргенін, олар басқалармен араласпай, аулақ жүруге тырысқанын еске алады. Көпшілік жасөспірімнің мезгіл-мезгіл мазасызданғанын атап өтті.

"Олар онша көпшіл емес. Кейде пәтерден шу естіледі. Баланың айқайлағаны сияқты. Осының барлығын ас үйден естіп тұратынмын. Айқай кенет тынышталып қалатын еді. Мен анасы мен әжесін танимын, бірақ араласпаймыз", - дейді әйел.


Фото:Tengrinews

Үйдің басқа тұрғындары да отбасының оңаша өмір сүргенін, жасөспірімнің көшеде сирек кездесетінін атап өтті.


Фото:Tengrinews

Қайғылы оқиғадан кейін тұрғындар үйдегі чаттарда балаларының қауіпсіздігін талқылайды. Енді не істеу керек, құқық қорғау органдары қандай шара қолданатынын талқылап жатыр.

"Мен жағдай туралы оқып білдім, бұрын білмеппін. Үйдегі чаттарда мына бала осында тұрады деп жазады, ал қазір тұрғын үй кооперативінің төрағасы оны оқшауланған деп айтты. Бұл деген шектен шығу ғой. Мен ол баланы танымаймын да. Тұрғын үй кооперативі жұртты уайымдамауға шақырды. Бірақ чатта, әрине, тұрғындардың бәрі үйден баласын шығаруға қорқып қалды", - дейді тұрғындардың бірі.

Еске салайық, елордадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде болған жан түршігерлік оқиға қазақстандықтарды есеңгіретіп тастаған болатын. 14 жастағы жасөспірім бес жасар балаға шабуыл жасап, оның бетін пышақпен тіліп алған. Кейін белгілі болғандай, шабуыл жасаған адам жүйке-психиатриялық диспансерде есепте тұрған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды