Қазақстан әскери қызметшілеріне тактикалық медицина оқытылады

13.02.2025, 11:19
497
Қазақстан әскери қызметшілеріне тактикалық медицина оқытылады ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан Тактикалық медицина бойынша хаттама әзірлеужәне бекіту туралы бастама көтерді, сондай-ақ телемедицинаны дамытуды ұсынды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының медициналық қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңес барысында айтылды.

Тактикалық медицина — төтенше жағдайларда тікелей жүзегеасырылатын, жарақат алған әскери қызметшілердің өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені. Тактикалық медицинаның басты қағидасы — «алтын сағат» принципін ұстану, яғни жедел көмек жараланғаннан кейінгі алғашқы 60 минут ішінде көрсетілуі тиіс, бұл адам өмірін аман алып қалу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады, — дейді Ұлттық ұланның медицина маманы Ерек Ақласов.

Осы мақсатта, дағдарыс жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы стандартының тактикалық медицина хаттамасын әзірлеу және бекіту жоспарлануда. Соған сәйкес, әскери қызметшілер де тиісті бағытта оқытылатын болады. Бұл шешім табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, апаттар мен жаппай тәртіпсіздіктер салдарын жою кезінде ел ішінде де, елден тыс жерде де адам шығынын болдырмауға немесе өлім деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Елордалық 5573 әскери бөлімінің штатында құқықтық тәртіп әскерінің әскери медицина мамандары курсанттармен практикалық сабақтар өткізуде. Тактикалық медицина курстары шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету кезіндегі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Осының арқасында әскери қызметшілер жауынгерлік жағдайларда тиімді әрекет етіп қана қоймай, курста алған дағдыларын азаматтық өмірдеде қолдана алады. Сонымен қатар, жауынгерлік дайындық деңгейін көтеруге көмектеседі. 

Дөңгелек үстел барысында әскерге телемедицинаны енгізу мәселеқозғалды. Бұл әскери қызметшілерге әскери-медициналық бөлімше мамандарының бірыңғай дерекқоры арқылы қашықтықтан дәрігерлік кеңес алуға мүмкіндік береді.

Жоба шұғыл жағдайларда аудио- және бейне байланысты пайдаланаотырып, дәрігерлермен жедел байланысуға жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, тактикалық медицинаны дамыту және телемедициналық технологияларды енгізуҚазақстанда әскери медицинаның қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құруға маңызды қадамболмақ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады