«Мен болмасам Ресейде картоп жинап жүрер еді»: Стефанов Вуков Елена Рыбакинаны балағаттаған

Аиса Махамбет Редактор
13.02.2025, 11:44
777
«Мен болмасам Ресейде картоп жинап жүрер еді»: Стефанов Вуков Елена Рыбакинаны балағаттаған Getty Images / Tim Clayton

Вуков теннисшіге психологиялық қысым көрсеткен көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина былтыр жеке бапкері – хорватиялық Стефано Вуковты командасынан қуып шыққан болатын. Теннисшіге психологиялық қысым көрсеткен маманды WTA да спорттан бір жылға шеттеткен. Алайда, биыл қаңтарда Рыбакина Вуковты командасына қайта шақыртып алды. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

«Чемпионат.com» сайты спортшы мен бапкердің арасында қандай байланыс бар екенін зерттеп жазып көріпті.

Рыбакина WTA-ға жеке өтінішпен шығып, Вуковтың дисквалификациясын алып тастауды сұраған екен. Алайда, ұйым шешімін өзгертпеген.

Еске салайық, қазақстандық теннисші бапкерімен байланысты үзетіні туралы 2024 жылы US Open турнирінің алдында мәлімдеген болатын. Алайда, мұндай шешімнің себебін ол түсіндіріп айтқан жоқ. WTA болса ресми сайтынан Вуковтың парақшасын өшіріп тастап, артынша оның теннисші қыздармен жұмыс істеуіне уақытша тыйым салды.

2025 жылдың қаңтарында Рыбакина Стефано Вуковты командасына қайта қосатынын мәлімдеді. Бұл уақытта ол әйгілі бапкер Горан Иванишевичпен (Новак Джоковичтің жеке бапкері – авт.) ресми жұмыс істесіп жүрген.

Ал, Australian Open турнирінен кейін Рыбакина Иванишевичті командадан шығарып, орнына италиялық Давиде Сангинеттиді алды. Дегенмен, Елена Вуковпен байланысын үзген жоқ. Сангинетти де бұған қарсылық білдірмеді. Өйткені, оның өзі Стефаномен жақсы қарым-қатынаста.

WTA Вуковты неліктен теннистен шеттеткенін әліге дейін ресми мәлімдемеді. Десе де, The Athletic порталы бапкердің бір жылға ғана шеттетілгенін жазып отыр. Ол Рыбакинаға психологиялық қысым көрсетіп, зорлық-зомбылық жасағаны да айтылды. Соның салдарынан теннисші жиі ауырып, бірнеше турнирде жарытып өнер көрсете алмаған.

Ол аз десеңіз, Вуков былтыр тамызда – командадан қуылғаннан кейін – Рыбакинаға жиі қысым көрсетіп, қаңтарда Australian Open турнирі кезінде онымен бір бөлмеде тұрып келген. Бұл – WTA салған тыйымдарға түбегейлі қайшы.

Вуков Рыбакинаны ақымақ деп жиі атаған. Сондай-ақ, «егер мен болмасам, Елена Ресейде картоп жинап жүрер еді» деп келеке еткен.

Дегенмен, қазақстандық теннисшінің өзі бапкерімен байланысы өте жақсы екенін айтып, WTA-ға бірнеше рет өтініш жасаған. Бірақ, Дүниежүізілік теннис қауымдастығы Рыбакинаның сөзіне сенбесе керек, Вучичке қолданған шараларды күшінде қалдырды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды