«90 мыңға кім өмір сүре алады?»: «Семей орманы» қызметкерлері жанайқайын жеткізді

13.02.2025, 13:37
617
«90 мыңға кім өмір сүре алады?»: «Семей орманы» қызметкерлері жанайқайын жеткізді бейнежазбадан алынған кадр

Жұмысшыларға жыл басталғалы жалақы бермеген көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Семей орманы" табиғи резерватының қызметкерлері жыл басынан бері жалақы ала алмай отырғанын айтып, наразылығын білдірді. Оның үстіне, былтырдан бастап қосылуға тиіс үстемақыдан да қағылдық, дейді олар. Қызметкерлер тез арада еңбегінің ақысын төлеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарнаның хабарлауынша, жыл басынан бері жалақысын ала алмаған орманшылардан маза қашып, қарызға белшесінен батқан. Кейбірі өткен жылдан қалған ақшасын ала алмай сандалып жүр.

"Бізге 500 мың еңбекақы төле деп айтып отырған жоқпыз ғой. Өзімізге тиесілі жалақымызды берсін. Өткен жылдан қалған 300 мың теңгем бар. Уәде береді де, орындамайды", - дейді өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Нуртен Шамшудинов.

"Семей орманындағы" алапат өрттен кейін орманшылардың жалақысы көтеріледі деген жағымды жаңалық шыққан. Алайда ештеңе өзгерген жоқ дейді жиналғандар. Қазір орман өрт сөндірушілері, трактористер мен көлік жүргізушілері небәрі 100 мың теңгеге жетпейтін жалақымен жан бағып отыр.

"90 мыңға кім өмір сүре алады?! Келген бетте 80 пайызға көтереміз деген, ол да жоқ. Сегізінші ай кетті, мен жұмыс істегелі. Бала-шағамыз, несиеміз, оқуымыз бар", - дейді жүргізуші Шалқар Жолтыбайұлы.

Қазір "Семей орманы" 500-ден астам жұмысшының жалақысын төлей алмай отыр. Себеп — резерваттың арнайы шоты бұғатталған. Ол наурыз айында ашылады екен. Сондықтан мемлекеттік мекеме салықты да уақытында төлей алмай отыр. Дегенмен басшылар жалақы дауын жеделдетіп шешуге уәде берді.

"Салық комитеті мәселені талқылап жатыр. Осы аптаның аяғына дейін, қаңтар айына қарызды толық өтейміз. Келесі аптада ақпан айына тиесілі айлықтарын береміз деп жоспарлап отырмыз", - дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов.

Ал орманшыларға үстемақы мекеменің табысы артып немесе бюджетінде артық ақша болған жағдайда ғана төленеді екен. Бірақ "Семей орманында" кіріс жоқ. Сондықтан жұмысшылардың үстемақыдан күдерін үзуіне тура келеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді