4033

«Жіліктеп ет алып жүрген»: Базардағыларды алдап келген әйелдің қарызы 20 млн теңгеден асқан

Кентаулық алаяқ бірнеше жыл бойы «тегін ет жеп» келген. Оның қарызы 20 млн теңгеден асып түсті.

«Жіліктеп ет алып жүрген»: Базардағыларды алдап келген әйелдің қарызы 20 млн теңгеден асқан
almaty.tv

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар 39 жастағы әйелді қолға түсірді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел осыдан екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға ет алып, ақысын бөліп төлеймін деп сендірген. Алайда арада жыл өтседе ақшасын қайтармай із-түзсіз кеткен.

Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның дәл осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Яғни оларды да сан соқтырып, қарызға жіліктеп ет алған. Айласын асырған әйел еттерді базарға апарып төмен бағада сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан. Жәбірленушілерге 20 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда әйелдің ісі сотқа өтті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор