«Тергеу изоляторында жоқ»: лифтіде баланы пышақтаған жасөспірім қазір қайда?

Аиса Махамбет Редактор
13.02.2025, 17:37
1137
«Тергеу изоляторында жоқ»: лифтіде баланы пышақтаған жасөспірім қазір қайда? бейнежазбадан алынған кадр

Жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір қайда екенін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

«Кеше облыс әкімімен бірге баланың ауруханасына барып, оның әкесімен сөйлестім. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша облыстық комиссар А.Т. Бимендина да қыздың анасымен байланыста. Жасөспірім ұл бала денсаулық сақтау мекемесіне, яғни психиатриялық стационарға жатқызылды. Оның анасы жауапкершілікке тартылды», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Жасөспірім бала қазір арнайы бөлімшеде бақылауда», – деп толықтырды Закиева.

Сондай-ақ, ол сот шешімімен психикалық ауытқуы бар және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мекемеде қазіргі уақытта 745 адамның бар екенін, олардың ішінде 2025 жылы түскен кәмелетке толмаған бір жасөспірімнің бар екенін хабарлады. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды