Швейцария прокуратурасы 69 миллиард теңгеге қамал сатып алған Динара Құлыбаеваның үстінен іс қозғады

13.02.2025, 18:15
1082
Швейцария прокуратурасы 69 миллиард теңгеге қамал сатып алған Динара Құлыбаеваның үстінен іс қозғады SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Жергілікті прокуратура бұл ақшаның қайдан келгенін анықтап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева 2019-2020 жылдары Швейцарияда жүріп, үш ірі жылжымайтын мүлік сатып алған. Женева прокуратурасы қазір жылжымайтын мүлікке қатысты келісімді тексеріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Құлыбаеваның адвокаты жылжымайтын мүлікке жұмсалған ақшаның адал жолмен келгенін айтады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Le Temps басылымының мәліметінше, Динара Құлыбаева Женевада жалпы құны 126 миллион франк (қазіргі бағам бойынша 69 миллиард 724 миллион теңге) тұратын үш жылжымайтын мүлік сатып алған. Жергілікті прокуратура бұл ақшаның қайдан келгенін анықтап жатыр. Бүкіл сома швейцариялық REYL Intesa Sanpaolo банкі арқылы өткен, бірақ банк оның өткеніне сенімсіз.

“Динара Құлыбаева әдемі ғимараттарды ұнатады. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 56 жастағы қызы 2009 жылы 74,7 миллион франкқа Аньер қаласынан керемет жекежай сатып алды. Женева кантоны үшін бұл рекордтық сома болады. Араға 10 жыл салып Швейцарияға орнығуға рұқсат алған ол құны 126 миллион франк тұратын басқа да жылжымайтын мүлік сатып алған”, – делінген басылымда.

Динара Құлыбаева сатып алған нысандардың бірі – Швейцаридағы Бельрив қамалы. Қамал 1666 жылы Савой герцогы II Карл-Эммануил үшін салынған. Қазақстандық миллиардер 2022 жылы келісім жасап, қамалды 106 миллион франкқа (58,6 миллиард теңге) сатып алған. 

2023 жылдан бастап Бельрив қамалы маңызды мәдени мұралар тізіміне енген. Динара Құлыбаева қамалмен бірге 44 миллион франкқа Женева көлінің жағасына көршілес жатқан жер телімін сатып алған. Қазір онда “Montes Alti” қайырымдылық қорының штаб-пәтері орналасқан.

2019 жылдың тамызынан 2022 жылдың тамызына дейін Динара Құлыбаева бас-аяғы 62 мың шаршы метрлік сәнді ғимарат сатып алған. Бұған дейін бұл алып-сатуға мән бермеген Швейцария билігі, енді тергеу жұмыстарына білек сыбана кірісіп жатыр. 

Қазақстандық миллиардердің адвокаты Жан-Кристоф Ок Динара Құлыбаеваның ғимараттарға қатысты бар ақпаратты прокуратураға бергенін айтады. 

“Динара Құлыбаева Бельрив сарайын қалпына келтіріп жатыр. Бұл – "Швейцарияның мәдени мұрасын сақтаудың ауқымды жобасы". Құлыбаева люкс үй-жайларды сатып алған қаражатты швейцариялық банктер, сондай-ақ қадағалау органдары (соның ішінде Қазақстан мен Лондонда) бірнеше рет мұқият тексерген”, – дейді заң өкілі. 

Әзірге Құлыбаеваға ешқандай айып тағылған жоқ. Бірақ басылымның мәліметінше, миллиардердің үстінен қозғалған қылмыстық іс Женевадағы REYL Intesa Sanpaolo банкіндегі Динара Құлыбаеваның жеке шотына аударылған (шамамен 150 миллион франк) қаражатқа қатысты. Бұл аударым тікелей немесе жанама түрде Қазақстандағы банктен жасалған деген ақпарат бар. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады