84 жастағы әжейді алдап кеткен алаяқ делдалдар ұшақ рейсінен түсірілді

14.02.2025, 09:37
782
84 жастағы әжейді алдап кеткен алаяқ делдалдар ұшақ рейсінен түсірілді Polisia.kz

Астанада қарияны 13 млн теңгеге алдап соққан делдалдар (дроппер) әуе рейсінен түсірілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада тәртіп сақшылары 84 жастағы қарияны 13 миллион теңгеге алдап соққан алаяқтық схеманы әшкереледі.

Polisia.kz мәліметінше, қылмыскерлер жәбірленушімен байланысып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар телефон арқылы егде жастағы әйелге оның әпкесі жол-көлік оқиғасына кінәлі деп жалған ақпарат жеткізген.

Жарақат алған адамды шұғыл емдеуге қаражат қажет деген сылтаумен алаяқтар әйелді қомақты соманы қолма-қол тапсыруға көндірген. Алданғанын кеш түсінген қария бірден полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, олардың елден әуе рейсі арқылы кетуге тырысып жатқанын анықтады. Полицейлер қаскөйлерді тікелей ұшақ ішінде қолға түсірді. Тексеру барысында күдіктілерден 11 мың АҚШ долларынан астам қаржы тәркіленді. Анықталғандай, олар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген, - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер – көрші елдің азаматтары. Олар Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Құқық қорғау органдарының атын жамылған бейтаныс адамдарға сенбеуге, күмәнді жағдайларда жақындарыңызбен кеңесіп, бірден полицияға хабарласуға кеңес береді. Әсіресе егде жастағы адамдардың алаяқтардың негізгі нысанасына айналатынын ескере отырып, оларға мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндіру маңызды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады