«Call-орталық жасаған»: түрмедегілер колония шатырындағы спутник интернет арқылы есірткі саудасын жүргізген

14.02.2025, 10:09
834
«Call-орталық жасаған»: түрмедегілер колония шатырындағы спутник интернет арқылы есірткі саудасын жүргізген Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодарда сотталғандар түрме шатырындағы спутник интернетті қолданып келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спутник арқылы № 46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырғандар интернетке және күзетшілердің бейнекамерасына қосылған. Бұл туралы Kazinform жазды.

Колония ішінде call-орталық құрылып, сотталушылар заңсыз есірткі бизнесімен айналысқан деген күдік бар.

Облыс орталығында № 46 түзеу мекемесіндегі екі қабатты әкімшілік ғимараттың төбесінен сотталушылар пайдаланып келген интернет қабылдағыш табылды. Ол арқылы жазасын өтеп отырғандар интернетке қол жеткізіп, ұялы байланысты пайдаланған. Сондай-ақ call-орталық құрып, сол жерден заңсыз интернет бизнесін басқарған деген күдік бар. Тіпті, сотталушылар ол жердегі компьютерлік құрылғылардың көмегімен түрме күзетінің бейнекамерасына қосыла алған.

Бұл ақпаратты Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі растады.

— Аталған дерек бойынша құзырлы органдармен қылмыстық іс қозғалды. Колонияның және Қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің бірқатар қызметкерлері жауапкершілікке тартылып, мекеме бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды. Қазір тергеу-тексеру шаралары жүріп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заң бұзушылыққа принципті ұстанымын білдіреді. Тергеу шараларына жан-жақты көмек көрсетілуде, — деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді