«Бірнеше минут мұрнын қысып, қылғындырған»: Алматыда тәрбиешілер 4 жасар баланы қылқындырып, зәбір көрсеткен (ВИДЕО)

14.02.2025, 12:18
1522
«Бірнеше минут мұрнын қысып, қылғындырған»: Алматыда тәрбиешілер 4 жасар баланы қылқындырып, зәбір көрсеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жылына 1,8 млн теңге алатын жекеменшік балабақшадағы тәрбиешілердің балаға күш қолданғанын желіде анасы хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы балабақшада балаға қатігездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаға күш қолданғаны анықталды. Бала тәрбиешіден зәбір көріп жүргенін анасына айтып берген.

«12.02.25 балам балабақшадан келгенде “Мама, апай мені ұрды, жұлқылады былай” деп қолымен қалай болғанын көрсетіп айтты. Шыны керек қатты мән бермедім, ойладым "Олай жасамайды ғой" деп. Келесі күні тағы 13.02.2025 балам “Мама, мені апай тұншықтырды” деп тағы да шағымданған соң бірдеңе дұрыс емесін бірден ұқтым. Баламның көздерінен түсіндім, қатты қорқып тұрды. Негізі балам ешқашан өтірік айтпайды, "мені ұрды" деп. Сондықтан 10000000% сенімді болдым.

Бірден әкесі екеуміз балабақшаға бардық. Не болғанын сұрап, камераны көрсетуін талап еттік, басында камера жасамайды деп ұзақ көрсетпеуге тырысты. Полиция шақырамыз дегенде ғана қорыққаннан камераны көрсетті. Камераны көріп шок болдық. Тек 2 күнін көрдік 2 күнде де дәл балам қалай айтты солай, тіпті одан да зорғысы болған. Бүгін тағы балам балабақшаға бастап келгендегі күндерін бәрін қарайтын боламыз. Құдай білсін, тағы не істегендерін.

Бұл видеода баламды 10 минут бойы қайта-қайта тұншықтырып, мойнын қысып, аузы мен мұрынды жауып тұрғанын көріп тұрмыз. Ең сорақысы арғы жағында екі апайдың жайбарақат көріп отырып, балам қиналып көмек сұрап жатса да, тамақ іше бергендері», – деп жазды ана.

Әйел баласын ұрған тәрбиешінің психикалық ауытқуы болуы мүмкін деп топшылады. Сондай-ақ ол екі тәрбиеші мен балабақшаның атына арыз жазғанын жеткізді.

«Баламды бір емес, екі емес қайта-қайта тұншықтырып, осындай әрекет жасап отырғанда, психикалық түрде ауытқуы бар ма деп қалдық. Видеода көргендей соңына дейн қарасаңыздар, баламды қинап ұрып, тұншықтырып алып апайлары жайбарақат тамақ ішуге отырады. Бұларға осылай жасау норма болып тұр ғой. Осы кезде (тұншықтырып жатқан уақытта - ред.) мен апайына жаздым, "жақындап қалдым, қазір алып кетемін" деп. Сол кезде өзін тоқтатқан, баланы тыныштандырып дайындаған. Ал мен келмесем не болады?

Бұл видео барлығына тарағанын қалаймын. Қолдауларыңыз керек! Камерада 2 күнде 2 түрлі апай ұрған баламды. Қалған апайлары көріп тұрса да, тыныш отыра бергені мені мазалап тұр. Арыз 2 апайына және балабақшаның атына жазылды. Лицензиясынан айырылсын! Қатал жазалануын сұраймын заң жүзінде. Сол үшін ресми түрде жариялап отырмын. Тағы бір видео бар, оны да саламын. Басқа күндерде не болғанын тағы көреміз. Бұл садикке кішкентай қызым да барады. Оны да түгел тексереміз», – деп жазды ана.

Белгілі болғандай осы оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғағанын жеткізді.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті ведомство.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды