Бәсекелестікті қорғау агенттігі Beeline интернет бағасын қолдан көтергенін айтты

14.02.2025, 14:28
714
Бәсекелестікті қорғау агенттігі Beeline интернет бағасын қолдан көтергенін айтты Руслан Пряников

Агенттік оператордың заң бұзғанын анықтаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Белгілі болғандай агенттіктің Астана қаласындағы департаменті бәсекелестікті қорғау саласында заң бұзу фактілерін талдаған. Оның нәтижесінде «КаР-Тел» ЖШС (бұдан әрі – Билайн) тарапынан үй интернеті қызметтері нарығында үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталып, бұл тұтынушылардың заңды құқықтарының шектелуіне әкелген. Бұл туралы агенттік ресми сайтында мәлімдеді.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, «Билайн» тұтынушыларға қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және белгісіз тұтынушылар тобының құқықтарының бұзылуына алып келді.

Сонымен қатар, «Билайн» компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі интернет жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде максималды жылдамдық 100 Мбит/с-ты құрайды, бірақ тарифтік жоспарлардың бағасы барлық абоненттер үшін бірдей, өзгеріссіз қалады делінген.

2024 жылғы 19 қарашада Департамент «Билайн» компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберді. Компанияға тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, атап айтқанда:

-  егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе, жылдамдығы 100 Мбит/с -тан аспайтын интернет;

-    қосымша ақылы қызметтерсіз жылдамдығы 100 с/Мбит-тан аспайтын интернетке қосылу қызметі ғана.

Қазіргі таңда хабарлама толық көлемде орындалды: 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастады, және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды