Павлодарда сауаты төмен әйелдің баспанасын туыстары алдап тартып алған

14.02.2025, 15:05
920
Павлодарда сауаты төмен әйелдің баспанасын туыстары алдап тартып алған iStock

Оқу-жазу білмейтін әйел туыстарының арбауына түсіп, екі баласымен үйсіз қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында оқу мен жазуды білмейтін екі баласы бар қазақстандық әйелді туыстары үйсіз қалдырды. Әйелдің қараусыз қалғанын мектеп мұғалімдері хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Аз білімді павлодарлық әйел туыстарының алдауымен ата-анасының үйінен айырылып, екі баласымен бірге далада қалған. Қазір ол Павлодардағы әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына орналастырылды. Әйелдің қиын жағдайға түскенін қала мектептерінің бірінің мұғалімдері хабарлаған.

"Әйел біраз уақыт азаматтық күйеуімен бірге Ресейде тұрған, бірақ тұру мерзімі аяқталған соң, еліне оралуға мәжбүр болған. Өмірінде мектепте оқымағандықтан, оқу-жазу білмейді. Сол себепті туыстары оны алдап, ата-анасының үйін өз аттарына рәсімдеп алған", – деп мәлімдеді Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Қазір әйел балаларымен бірге орталықта тұрып жатыр. Онда қызметкерлер оған жұмыс табуға көмектесіп, балаларын мектепке орналастырған.

"Сонымен қатар орталықтың заңгері мұрагерлікті қабылдау бойынша жұмыс істеп жатыр. Әйел Ресейде әкесімен бірге тұрып жатқан кіші ұлын қатты сағынады. Бірақ әзірге оны алып кетуге мүмкіндігі жоқ", – деп атап өтті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады