Қазақстанда көлік жүргізушілерін онлайн оқыту жойылмақ
ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізбек, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Ашық НҚА» порталында қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиісті өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.
Атап айтқанда, қазір теориялық оқытуды онлайн тәртіпте жүргізуге мүмкіндік бар. Енді бұл саладағы оқыту сапасын көтеру мақсатында тиісті өзгеріс қарастырылған.
«Оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылады», - делінген құжат жобасында.