Баланы тұншықтырған «Ахляк» балабақшасынан ата-аналар балаларын жаппай алып кетіп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
15.02.2025, 10:14
1071
Баланы тұншықтырған «Ахляк» балабақшасынан ата-аналар балаларын жаппай алып кетіп жатыр бейнежазбадан алынған кадр

Тәрбиешісі баланы тұншықтырған «Ахляктан» ата-аналар балаларын жаппай алып кетуде.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Ахляк» балабақшасында тәрбиешінің баланы тұншықтырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алматы қаласындағы «Ахляк» балабақшасының бейнебақылау камерасына төрт жасар баланың тәрбиеші тарапынан зорлық-зомбылық көргені жазылып қалған. Кадрларда тәрбиешінің бүлдіршінді тұншықтырып, ұрып-соғып,жұлқылап жатқаны анық байқалады. Оқиға кезінде бөлмеде тағы екі қызметкер болғанымен, олар ешқандай шара қолданбай, өз жұмыстарымен айналысқан.

Баланың анасы Бану Төлеуішеваның айтуынша, ұлы бұл балабақшаға небәрі бір апта бұрын ауыстырылған. Ата-анасы мекемеге барып, бейнежазбаларды көруді талап еткенде, балабақша қызметкерлері камералардың істемей тұрғанын сылтау етіп, жазбаны көрсетуден жалтаруға тырысқан.

12 ақпанда балам: “Мама, апай мені ұрды, жұлқылады” деп, қолымен қалай болғанын көрсетіп айтты. Бірақ мен аса мән бермедім. Келесі күні “Мама, мені апай тұншықтырды” дегенде ғана әкесі екеуіміз балабақшаға барып, мән-жайды анықтауға тырыстық. Камераларды көрсетуді талап еткенімізде, олар ұзақ уақыт бойы камера істемейді деп шығарып салмақ болды. Тек полиция шақырамыз дегенімізде ғана қорыққандарынан жазбаны көрсетті. Видеода баламды 10 минут бойы бірнеше рет тұншықтырып, мойнын қысып, аузы мен мұрнын жауып тұрғанын көрдік, – деп жазды баланың анасы.

Бейнежазбада екі күн ішінде екі түрлі тәрбиешінің баланы ұрып-соғып, тұншықтырғаны анық көрінеді.

«Ахляк» сөзі араб тілінен аударғанда «мораль», «этика» және «тәрбие» деген мағынаны білдіреді. Бұл – діни бағыттағы жекеменшік балабақша желісі, оның Алматыда бірнеше филиалы бар. Жеке меншік болғандықтан, олардың жұмыс бағытын иелері өз қалауларына қарай белгілейді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)