Ақтаудың бұрынғы әкімінің орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталды

16.02.2025, 10:16
861
Ақтаудың бұрынғы әкімінің орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталды Lada.kz

Әкім халықаралық іздеуде жүрген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Михиал Козачков желідегі парақшасында халықаралық іздеуде жүрген Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталғанын жазды.

Мәліметке сенсек, экс-шенеунік Қазақстаннан заңсыз шығып, алдымен Қырғызстанға өткен. Содан кейін Өзбекстан аумағына да заңсыз жолмен кірген. Сөйтіп жергілікті шекарашылардың қолына түскен. Енді оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Себебі Өзбекстан Республикасының шекарасын алдын ала келісілген топпен заңсыз кесіп өткендерге осындай жаза қарастырылған.

Ал Қазақстанда Тимур Сәдуақасов "Тиолайн" ЖШС басшылығының қызметіне қатысты жемқорлық қылмыстары бойынша күдікке ілінген. Бұл компания Солтүстік Қазақстан облысындағы "Обуховское" сирек кездесетін металдар кен орнын игерумен айналысады.

Аталған кәсіпорынның акционерлерінің бірі – Виктор Долгалев те біраз уақыттан бері тергеу нысанында. Оны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және жер қойнауын өз бетінше пайдаланды деп айыптаған. Алғашында оны қазылар алқасы ақтап шыққанымен, кейін бұл шешімнің күші жойылып, іс басқа аймақта қайта қарауға жіберілді.

Тергеу болжамынша Долгалев әрдайым серіктестерімен заң аясында жұмыс істей бермеген. Ол кейбір мәселелерді шешу үшін шенеунік Сәдуақасов арқылы құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген. Осы себепті Сәдуақасовқа "алаяқтық" және "пара беруге итермелеу" баптары бойынша айып тағылған. Осылайша Ақтау әкімінің экс-орынбасары қашуға мәжбүр болды, ал бұл әрекетімен ол тек Қазақстанның ғана емес, көрші елдің де заңнамасын бұзды. Енді Тимур Сәдуақасов бірден екі елде түрмеге қамалуы мүмкін.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді