Күдіктінің ағасынан 300 мың теңге пара алған полицейге 6 млн теңге айыппұл салынды

17.02.2025, 09:42
500
Күдіктінің ағасынан 300 мың теңге пара алған полицейге 6 млн теңге айыппұл салынды Polisia.kz

Атырауда күдіктінің ағасынан пара алған полицейге сот айыппұл салып, шенінен айырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда полиция қызметкері қылмыстық ісін тоқтату үшін күдіктінің ағасынан пара алған. Сот үкімімен полицейге 6 млн теңге айыппұл салынды. 

Атырау қаласындағы №2 сотта қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Полицейге ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған.

– Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметері басқа лауазымды тұлғаның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтату үшін күдіктінің ағасынан 300 мың теңге алған. Айыпталушының кінәсі әңгімелесу жазбаларымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сот-фонографиялық, психологиялық-филологиялық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыға мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, полиция лейтенанты шенінен айыруды сұрады. Алайда сотталушы мен оның адвокаттары айыппен келіспей, ақтауды сұрады.

Сотталушының кәмелетке толмаған балаларының бары жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қабылдаған антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде танылды. 

– Сотталушыға мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру, жымқырылған мүліктің 20 еселенген мөлшерінде – 6 млн теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Ол полиция лейтенанты шенінен айырылды. Жәбірленушінің жымқырылған мүліктің құнын өндіру туралы азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды, - деп мәлім етті соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүргішерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды