Оқушының анасы мұғалімді жағадан алып ұрған: Министрлік мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2025, 10:15
707
Оқушының анасы мұғалімді жағадан алып ұрған: Министрлік мәлімдеме жасады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Желіде әйелдің мұғалімді ұрған видеосы тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде белгісіз әйелдің мұғалімді жағадан алып, шапалақпен ұрған видеосы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

80 мыңға жуық оқырманы бар “Қазақстан ұстаздары” тобында аталған видео жарияланып, желі қолданушылары мұғалімге қол көтерген әйелдің әрекетін сынады. Видеода орта жастағы әйел сыныпқа кіріп, айғайлап, мұғалімді жағадан алып, шапалақпен ұрады. 

Оқу-ағарту министрлігі бұл оқиға Қазақстанда емес екенін мәлімдеді.

“Бұл жағдай Қазақстанда болмаған. Өзбекстанның ресми органдары аталған факт бойынша ақпарат берді”, – деп хабарлады министрлік.

Өзбекстандағы БАҚ-тың жазуынша, видеоны оқушылардың бірі түсірген. Оқушының анасы мен мұғалімнің арасында жанжал болған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оқушылардың біріне мұғалім ауыр сөз айтқан. Сол үшін анасы мұғалімге қол көтерген.

Өзбекстанның мектепке дейінгі және мектептегі білім министрі Халила Омарова Сырдария ауданындағы оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын, нәтижесі бойынша ақпарат берілетінін хабарлады.

Кейін мұғалімге қол көтерген оқушының анасы видео түсіріп, бәрінен кешірім сұраған.

«Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ «Сынып кетуіме хақым жоқ»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін еске түсіріп, көзіне жас алды Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО) Қарағандыда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп, зорлады деп жала жапқан Жетісуда өзеннен трос арқылы өтпек болған ер адамның мәйіті табылды Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады «50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген «Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО) «Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген 18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен Алматыда қарт әженің үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен еркек ұсталды (ВИДЕО) Алматыда жол қиылысында «мода» көрсеткен қыздар көптің талқысына түсті (ВИДЕО) Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген Соңғы қоңырау күні өзгергендіктен, ҰБТ өтетін күндерге де өзгеріс енді «Шатастырып алған шығар»: Жанжал болған күннің бейнежазбасы жарияланды Таразда түрмеге жіберілген сәлемдемеден телефон табылды Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды Маусым айындағы демалыс күндері қанша? Бүгін өңірлерде өрт қаупі жоғары