Astana Hub IT-стартаптарының 20 пайызын арулар басқарады
Бүгінгі таңда Astana Hub халықаралық технопаркінде 1043 IT-компания тіркелген, оның 179-ын әйелдер басқарады.
Соңғы кездері ІТ-мамандыққа оқығысы келетін қыздардың саны артып келе жатқандығы байқалады.
«Tech Orda ІТ-мамандыққа оқыту бағдарламасы аясында бөлінген 3 067 гранттың 39 пайызын әйелдер алды. Біздің технопарк ұжымындағы қыздардың үлесі 61% құрайды, оның ішінде 63 пайызы басшылық қызметте. Яғни қазіргі уақытта еңбек нарығындағы гендерлік теңдіктің өзгеріп жатыр. Егер бірнеше жыл бұрын IT-сектор ер адамдарға арналған деп есептелсе, қазіргі жағдайда IT мамандықтары гендерге бағынбайтынын көріп жатырмыз», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Astana Hub экожүйесіндегі әйелдер басқаратын IT-стартаптардың басым бөлігі әлеуметтік және EdTech саласын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ әйелдер негізін қалаған IT-жобалар жылдам дамып, шетелдік нарыққа да шығып жатыр.