Астанада қайтарылған бюджеттен 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынады

17.02.2025, 13:16
600
Астанада қайтарылған бюджеттен 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Қайтарылған актив есебінен 17 млрд теңгеге Астанада стадионның жаңа ғимараты салынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның жаңа ғимараты қайтарылған активтер есебінен бой көтермек. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған құжатта көрсетілген.

Жаңа стадион құрылысына 17,3 миллиард теңге бөлінген. Жоба мемлекеттік арнайы қор арқылы қаржыландырылатын нысандар тізіміне енгізілген.

2024 жылдың қаңтар айында ескі стадион толықтай бұзылды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. 

Жаңа спорт кешені үш қабаттан тұрады және 3 600 адамды сыйдыра алады. Стадионның құрылысы 15 мың м² аумақты қамтиды.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға қажетті дайындық жұмыстары басталып кетті. Егер құрылыс белгіленген мерзімде аяқталса, Астана тұрғындары мен қонақтары заманауи, көпфункционалды стадионға қол жеткізеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды