Стильді және соққыға төзімді HONOR X8c смартфоны Қазақстан нарығына келді

17.02.2025, 15:20
1948
Стильді және соққыға төзімді HONOR X8c смартфоны Қазақстан нарығына келді HONOR

HONOR компаниясы жаңа өнімін сатылымға шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда жаңа HONOR X8c смартфонының сатылымы басталды. Жаңа өнім стильді дизайнды, 360° корпус қорғанысын, сондай-ақ түнгі түсірілім мен селфи жасау мүмкіндіктерін үйлестіреді.

Дизайн және қорғаныс

HONOR X8c – үш ерекше түсте қолжетімді: көгілдір жасыл, ай сәулесіндегідей ақ және түн ортасындағы қараңғылық. Смартфон жоғары қорғаныс деңгейіне ие. HONOR Anti-drop Protection технологиясы SGS Premium Performance сертификатымен расталған, ол құрылғының соққыға және құлауға төзімділігін қамтамасыз етеді. Ал IP64 стандартқорғанысы ылғал мен шаңға төзімділікке кепілдік береді. Арнайы технология смартфонды дымқыл немесе майлы саусақтармен де пайдалануға жол ашады.

HONOR X8c өте жеңіл әрі жіңішке – небәрі 174 г және 7,12 мм, бұл оны кез келген жағдайда тамаша серік етеді.

Жарқын AMOLED-дисплей

Смартфон 6,7 дюймдік AMOLED-дисплеймен жабдықталған, 120 Гц жаңарту жиілігімен және Full HD+ ажыратымдылығымен ерекшеленеді. Дисплей 16,7 миллион түсті қолдайды және DCI-P3 түс гаммасының 100%-ын қамтиды, бұл кинематографиялық сападағы бейнелерді қамтамасыз етеді.

Көзді қорғау технологиялары кез келген жарық жағдайында ыңғайлы пайдалануды ұсынады:

– Динамикалық жарықтық – жарық деңгейіне сәйкес автоматты түзетулер;

– Циркадтық түнгі экран – түнгі уақытта түстерді табиғи түрде реттейді;

– 3840 Гц ШИМ-жиілігі – экранның көрінетін жыпылықтауын жояды.

Жоғары деңгейдегі камера мүмкіндіктері

HONOR X8c смартфонының басты камерасы – 108 МП және оптикалық тұрақтандырумен (OIS) жабдықталған, бұл тіпті әлсіз жарықта да айрықша бөлшектерді сақтайды. Сонымен қатар, 5 МП кеңбұрышты камерасы (f/2.2) және тереңдік сенсоры көріністерді ерекше етіп түсіруге көмектеседі. Портреттік режимде шығармашылық эксперименттер үшін екі түрлі фокустық қашықтық бар.

50 МП алдыңғы камерасы (f/2.1) әрдайым мінсіз селфи жасауға мүмкіндік береді. Кіріктірілген жарықтандыру күңгірт аймақтарды айқындап, AI-ластик қажетсіз нысандарды өшіруге көмектеседі. "AI-кеңбұрышты селфи" технологиясы кадрдағы адамдар санына қарай көрініс бұрышын 78°-ден 90°-қа автоматты түрде өзгертеді.

Өнімділік және автономия

Смартфон MagicOS 9.0 (Android 15 негізінде) операциялық жүйесімен жұмыс істейді және келесі интеллектуалды функцияларды ұсынады:

– Magic Portal – пайдаланушы ниетін болжап, қажетті қосымшаларға бағыттайды;

Magic Capsule – хабарламалар мен басқару құралдарына жылдам қолжетімділік береді;

– Жұмыс үстелі мен құлыптау экранын икемді түрде баптау мүмкіндігі.

5000 мА·сағ сыйымдылығы бар аккумулятор ұзақ уақыт автономды жұмысты қамтамасыз етеді. Тіпті 2% қуат көрсеткішімен смартфон 88 минут қоңырау шалу немесе 18 сағат күту тәртібінде қалуға мүмкіндік береді.

Бағасы және алғашқы сатып алушыларға сыйлықтар

HONOR X8c үш нұсқада қолжетімді:

– 6+6 ГБ ЖЖҚ + 128 ГБ129 990 тнг

– 8+8 ГБ ЖЖҚ + 128 ГБ139 990 тнг

– 8+8 ГБ ЖЖҚ + 256 ГБ159 990 тнг

Алғашқы сатып алушыларға HONOR CHOICE Earbuds X7 lite құлаққаптары сыйлыққа беріледі!

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды