Тоқаевтың кеңесшісі Берік Уәли Абай облысының әкімі болды

17.02.2025, 15:59
545
Тоқаевтың кеңесшісі Берік Уәли Абай облысының әкімі болды Aqorda

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Берік Уәли Абай облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Ол 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

1998-1999 жылдары – «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.

2000-2007 жылдары – «31 канал» телерадиокомпаниясында» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.

2007-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ  Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі,
«Бетпе-бет» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.

2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» партиясы «Нұр-Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр-Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2017-2018 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «1-студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2022-2023 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2011), «Парасат» (2024), «Құрмет» (2019) ордендерінің, ҚР Президенті Алғысының (2021), ҚР Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медальдің иегері.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді