Қордайда мұғалімдерді әншінің концертіне билет алуға мәжбүрлеген

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2025, 18:02
474
Қордайда мұғалімдерді әншінің концертіне билет алуға мәжбүрлеген әлеуметтік желіден

Әнші Айбек Қайбулланың Қордайда өтетін концертіне билет өтпегендіктен, мұғалімдерден ақша жинаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысы Қордай ауданында басшылық мұғалімдерден концерт билеті үшін ақша жинауға мәжбүрледі деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Журналист Гүлмира Абықайға желіде қордайлық мұғалімнің бірі шағымын айтып, көмек сұраған. Сөзінше, оларға Айбек Қайбулла есімді әншінің концертіне билет алуға мәжбүрлеген. Мұғалім ортақ чаттың скриншотын ұсынды. Олардан 8000 теңгені 55 адамға бөліп, 146 теңгеден аударуды сұраған.

“Айбек Қайбулла деген әнші Қордайға келеді екен, билеті өтпей жатыр, соның концертіне неге мұғалімдер ақша жинауға тиіс? Қордай Аудандық білім бөлімінің тапсырмасы. Неге мектептерге бөліп тастайды, билеті өтпесе де, біз кінәліміз бе? Қайырымдылық концерт болса бір жөн. Қайырымдылық концерт болса, жетімдер үйінен келіп концерт қойса, қуана-қуана баратын едік. Енді мектептерге осылай бөліп тастайды, барсаң да, бармасаң да жинап бересің”, – деді мұғалім.

Жамбыл облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті ақпарат назарға алынғанын мәлімдеді.

“Жұмыстар жүргізіледі, нәтижесі туралы қосымша хабарланады”, – делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі Жамбыл облысындағы мұғалімдердің концерттік билеттерді мәжбүрлеп сатып алуына қатысты арыз-шағымдарын тексереді.

"Білім беру сапасын қамтамасыз ету бөлімі жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Заңбұзушылықтар расталған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" заң талаптарын бұзғаны үшін қызметтік тексерістің негізінде Қордай аудандық жергілікті атқарушы органының өкілі жауапкершілікке тартылады", – деді оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған