«Вице-министрдің әйелін шапалақпен тартып жіберген»: Ескендір Хасанғалиевтың ұлы әкесі туралы

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2025, 18:44
867
«Вице-министрдің әйелін шапалақпен тартып жіберген»: Ескендір Хасанғалиевтың ұлы әкесі туралы жеке мұрағатынан

Ескендір Хасанғалиев не үшін оқудан шығарылғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Біржан Хасанғалиев KAZ.NUR.KZ басылымына берген сұхбатында әкесінің оқудан шығарылған кезін еске алған. Аңыз сазгер Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияға 1959 жылы түскен. Бастапқыда дайындық бөліміне, артынша екі бірдей бөлімшеде оқыған (бірі - академиялық ән айту, екіншісі - хор дирижері). Ол кезде оның педагогі Ленинград консерваториясының түлегі, дирижерлеу кафедрасының меңгерушісі Галина Виноградова еді.

"Ол өте жоғары білікті өз саласының маманы еді. Бірақ ұстаздықта ерекше әдісті қолданған екен - қол көтеретін. Үнемі солай болатын, тіпті кейде туфлиін шешіп, студенттерді өкшесінен ұрған екен", - дейді Біржан.

Соңғы курста оқып жүріп, дипломдық жұмысқа дайындық кезінде жас студент туфли өкшесімен қолынан ұрып жіберген ұстазына қарсылық танытып, оны шапалақпен тартып жіберіпті.

"Қатты емес. Бірақ ақылға қонымсыз әрекет еді. Виноградова Қазақ ССР-і мәдениет министрі орынбасары Михаил Цукановтың жұбайы еді. Ал әкем қарапайым ауылдың баласы. Консерваториядағылар оның бұл әрекеті үшін жиналыс ашып, оқудан шығармақ болған. Бірақ ректор компромисске барып, Хасанғалиевті сырттай оқу бөліміне ауыстырмақ болыпты. Ал оқу бітіруіне сәл-ақ қалған", - деп баяндайды ұлы.

Бұл шешімді әділетсіз деп санаған Ескендір оқу ордасының есігін тарс жауып кетіп қалыпты. Осылайша болашақ сазгер жоғары білім туралы конверватория дипломын ала алмапты. Дегенмен кейін ол Шымкенттегі жоғары оқу орнын дәл осы мамандық бойынша аяқтаған.

"1980-жылдардың соңына қарай, әкемнің есімі дүркіреп, Қазақ ССР-інің халық әртісі атанғанда ол ұстазы Мәскеуден Алматыға келіп, Бақытжан Байқадамовтың жары Валентина Панфилованың үйінде қонақ болып жатқанын естіген. Ол кезде ол кісінің жолдасы Ленин атындағы музейдің басшысы болып тағайындалып, Мәскеуде тұратын. Әкем ұстазын 20 жыл бойы көрмеген. Анашым бірден: "Қоңырау шалып, сөйлесіп көр, сонша жыл өтті ғой", - деді .

"Папа бірден қоңырау шалды. Ұстазы қатты қуанып кетіпті. "Жаным сол! Қоңырау шалғаныға сонша ризамын. Мен сені жақсы көремін! Менің ең танымал студентімсің. Сені мақтан тұтамын. Мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі болып қалдым, ал сен халық әртісісің", - депті. Әкем көзіне жас алып, өкпе-реніштердің ұмытылғанына дән риза болды", - дейді Біржан.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды