«Жомарт» шахтасында жетінші жұмысшы мерт болды

18.02.2025, 09:10
5956
«Жомарт» шахтасында жетінші жұмысшы мерт болды instagram.com/kazakhmys_official

Қазақмыс-қа тиесілі кеніште тау массасы құлап, жұмысшылар қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның кім екені анықталып жатыр.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ Жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түскен. Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.

Қайғылы жағдайдан соң Ұлытау облысының әкімдігі қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетететін мәлімдеді.

— Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай — бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза. Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады, — делінген көңіл айту жеделхатында.

Ал Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеп, қайғы жамылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді