Салық органдары табысын аз етіп көрсеткен блогерлерді анықтады

18.02.2025, 11:33
523
Салық органдары табысын аз етіп көрсеткен блогерлерді анықтады Kanat Ryskulov

Танымал тұлғалар табысын жасырамын деп мемлекетке 53,3 миллиард теңге қарызданып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер мен танымал тұлғалардың табысын жасырып, салық төлеуден жалтарып жүргенін анықтады. Түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салық декларацияларымен салыстыра келе, 594 тұлғаның 53,3 миллиард теңге көлеміндегі кірісі салық есебіне сай келмейтіні белгілі болды.

Анықталған заң бұзушылықтар негізінде осы жылдың 13-14 ақпанында табысын төмендетіп көрсеткен тұлғаларға камералдық бақылау хабарламалары жіберілді.

Комитеттің мәліметінше, хабарлама алған тұлғалар:
✔ Қосымша салық есептілігін тапсыруы қажет;
✔ Немесе хабарламамен келіспесе, түсіндірме беруі тиіс.

Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. Салық органдары онлайн-жарнама, ақпараттық өнімдерді жылжыту, курс сату, ұтыс ойындарын өткізу сияқты табыс көздеріне ерекше назар аударып отыр. Конституция мен Салық кодексіне сәйкес, кез келген табысқа салық төленуі керек.

Белгілі кәсіпкер, блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің және таныстарының салық органдарынан ескерту алғанын айтты.

14 ақпаннан бастап блогерлер, инфлюенсерлер, ақпараттық бизнес өкілдері, спортшылар мен танымал адамдар жаппай "валентинка" (салық ескертуі) ала бастады. Менің берешегім 5 миллион теңге ғана, бірақ өзімді дұрыс табыс таппай жүргендей сезініп отырмын. Ал жұбайымның жеке кәсіпкерлігі бойынша салық сомасы 100 миллион теңгеге жеткенін көріп таң қалдым, – деді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады