Ақтөбеде бір жасар баланың жұмбақ өлімінен соң қылмыстық іс қозғалды

07.03.2023, 15:48
578
Ақтөбеде бір жасар баланың жұмбақ өлімінен соң қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде 1 жасар бала көз жұмып, оны ата-анасы төрт күн бойы жерлемей, үйінде ұстаған. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбе қаласында 1 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмып, оның жанында болған 4 жасар бала «Аяла» өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар орталығына жіберілді.

Қазір сәби өлімінен соң іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде білім, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері мен полиция мән-жайды айтып берді.

«Жалпы бұл отбасында 5 бала болған. Үш баласы бір әкеден, екі баласы екінші әкеден. Бір баласы 2014 жылы туабітті жүрек ауруынан көз жұмған. Үш бала болған кезде анасы ата-ана құқығынан айырылды. Сол кезде біреуі Жайсаң мектеп-интернатына, екіншісі «Жайна» оңалту орталығына, үшіншісі «Аяла» оңалту орталығына орналастырылды. Алайда кішкентайын әкесі сот арқылы өз атына жаздырып, тегін берді. Сөйтіп оңалту орталығынан баланы өзіне алады. 2022 жылы тағы бір бала дүниеге келеді. Бақылау, тексеру кезінде полиция оларды тағы ата-ана құқығынан айыру үшін арыз түсіреді. Былтыр қазан айында балалары сәбилер үйіне тапсырылып, кейін ата-анасына берілді. Яғни, екі бала ата-анасымен бірге тұрған. Бұрын Ақтөбе қаласы Мәскеу ауданы, кейін Ясное ауылы тұрғылықты жері болып саналды», - деді облыстық ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.

Балаларды Ақтөбе қаласы білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі де бақылауға алған.

«Ата-анасының ішімдікке салынғаны белгілі болып, былтыр қазан айында балалар «Үміт» сәби үйіне орналастырылды. Бірақ әкесі қорғаншылық және қамқоршылық кеңеске өтініш түсіреді. Әкесі әкелік құқығынан айырылмаған. Жұмысы бар, есепте тұрмағаны жөнінде анықтама беріп, бала отбасына жіберіледі. «Үміт» сәбилер үйінің мамандары да кішкентай сәби үшін ана сүті маңызды екенін айтқан. Бала туған әкесіне қайтарылғанға дейін қалалық білім бөлімінің маманы тұрғылықты үйіне барып, зерттеу жүргізген. Өндірістік база жанында арнайы бөлме салынған. Балалар тұруға мүмкіндік болды. Желтоқсан айында да тексеріп барды. Бәрі қалыпты еді», - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева.

Бұл отбасыны дәрігерлер де өз бақылауына алмақ болған. Бірақ анасы балаларына ешқандай екпе жасатпаған, тіпті бір де бір рет тексеруге апармаған.

«Бала 2022 жылы 2 ақпанда кесір тілігімен өмірге әкелді. Анасы жүктілік кезінде ешқандай да дәрігерге қаралмаған. Бойы 47 см. Перзентханадан жақсы жағдайда шығады. Кейін учаскелік дәрігерлерге беріледі. Дегенмен медицина қызметкерлері барған кезде адамдар үйінде болмайды. Тұрғылықты жері өзгеріп, көшіп-қонып жүрген. Салдарынан ешқандай вакцина алмады. Балада темір жетіспеушілігі диагнозы болған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Түлкібаева.

Сәби 1 жас 21 күн толғанда көз жұмды. Дәрігерлер анасынан сұрап-білгенде сәби құсып, іші өтіп, кенеттен қайтыс болған.

Нақты диагнозы сот-медициналық сараптамадан соң анықталады.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша іс қозғалды.

Ата-анасы өз міндетін тиісті орындамағаны үшін тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 333 қолайсыз отбасы есепте тұр.

Жыл басынан бері үш адам ата-ана құқығынан айырылды. Әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары да жүргізілді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады