Қазақстан футбол құрамасы Солтүстік Кореядан жеңіліп қалды

18.02.2025, 14:51
577
Қазақстан футбол құрамасы Солтүстік Кореядан жеңіліп қалды kff.kz

Уақытша бас бапкер қосалқы ойыншылар болғандықтан жеңіліске ұшырадық деп ақталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан футбол құрамасы жолдастық кездесуде жеңілді. 

Жақында ғана футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің қызметін уақытша атқарушы болып тағайындалған Әли Әлиев ақпанның 10-18 арасында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бұл жиында негізгі құрам ойыншылары шақырту алмады. Командаға үміткер футболшылардан құралған құрам екі жолдастық кездесу өткізді.

Алғашқы ойынды Ташкенттің “Локомотив” командасына қарсы өткізді. Ұлттық құрама бұл кездесуде 1:1 есебімен тең аяқтады. Отандастарымыздың сапынан жалғыз голды “Қайсар” футбол клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов соқты.

Екінші ойын кеше КХДР құрамасына қарсы өтті. Бұл ойында ұлттық құрама 2:0 есебімен жеңіліп қалды.

Ойыннан кейін Әли Әлиев өз сұхбатында бұл экспериментті құрама екенін айтып өтті.

“Бұл ойыншылар тек қосалқы құрамның ойыншылары, ұлттық құраманың негізгі футболшылары емес. Сондықтан ойын нәтижесін қатты сынға алмауларыңызды сұраймыз. Бұл құрамды эксперименталды құрам деп айтасыздар ма әлде резерв құрам дейсіздер ме, өздеріңіз білесіздер. Ойынға келсек, қос команданың да жақсы мүмкіндіктері болды. Егер Айбар Жақсылықовқа сәттілік серік болғанда, таблода есеп басқаша болар еді”, – деді Әлиев.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды