Тағы бір айып: Перизат Қайратқа мүгедек балаларға арналған орталық салуға жиналған 22 млн теңгені жымқырған

Аиса Махамбет Редактор
19.02.2025, 11:44
707
Тағы бір айып: Перизат Қайратқа мүгедек балаларға арналған орталық салуға жиналған 22 млн теңгені жымқырған бейнежазбадан алынған кадр

Су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңге мен Палестинаға деп жиналған 200 млн теңгені жымқырған «қайырымды аруға» тағы бір айып тағылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Перизат Қайратқа мүгедек балаларға арналған орталық салуға жиналған 22 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды. Қаржылық мониторинг агенттігі қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісін тергеуге қатысты жаңа деректерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайратқа Палестинаға көмекке, су тасқыны кезінде жиналған қаражатты жымқырудан бөлек тағы бір дерек анықталғанын мәлімдеді. 

"Қаңтарда қосымша бір дерек тіркелді. Ол мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталық ашамын деп аукцион ұйымдастырып, 22 миллион теңге қаржы жинаған. Бірақ қаржыны өз қажетіне жұмсаған. Барлық дерек бойынша жымқырылған қаржыны қоса есептедік. Бұл қаражатты, бұған дейін айтқанымыздай, жеке үй, көліктер мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған", – деді ол.

Жеңіс Елемесовтің айтуынша, Перизат Қайраттың ісін тергеу аяқталуға жақын. Наурыз айының басында іспен танысу басталады дейді. Ал күдіктілердің қатарына қосылған Перизат Қайраттың анасы қамауға алынбаған.

Еске салайық, “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген еді. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылған. Биыл көктемде ол елордадағы автосалоннан 88 миллион теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 миллион теңгеге "Lexus LX-600" және 39 миллион теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды