«Екпе салды»: Төртінші сәбиін босануға барған ана перзентханада қайтыс болды

Аиса Махамбет Редактор
19.02.2025, 13:40
710
«Екпе салды»: Төртінші сәбиін босануға барған ана перзентханада қайтыс болды бейнежазбадан алынған кадр

Перзентханаға өз аяғымен барған көпбалалы ана үйіне табытпен оралды…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында жүкті әйел босану кезінде көз жұмды. Құрсағындағы сәби де шетінеп кеткен. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жеткізді.

Марқұмның жолдасы әйелге екпе салынып, соның салдарынан ажал құшты деп отыр. Жұбайынан қапыда айырылған азамат қайғылы жағдайға дәрігерлерді кінәлайды. Қазір оқиғаның нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. Полиция да іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

Үржар ауданының 34 жастағы тұрғыны Гүлнәр Қайратқызы толғағы жеткенде, аудандық ауруханаға өз аяғымен барған. Төртінші баласын босануға барған ананың сол кездегі денсаулығы да жақсы еді дейді күйеуі. Бірақ екі-үш күн өткен соң Гүлнар нәрестесімен бірге көз жұмды.

Сол күні кешкі сағат алтыда барып едім, кіргізбей қойды. Кешкі сағат 21:00-де өздері емес, көршім арқылы қоңырау шалып, ауруханаға тез баруымды айтты. Ауруханаға барғанымда, дәрігерлер бір-біріне сілтеп, жолдасымның және нәрестенің өмірден озғандарын айтты. Аурухана басшылары мен дәрігерлердің біліксіздіктерінен жолдасымнан және сәбиімнен айырылып отырмын, – деді марқұмның күйеуі Ұлан Балапанов.

Қара жамылған отбасы әйел бұрын-соңды денсаулығына шағымданбағанын айтады.Айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін жұмысынан қуылған ақ халаттылар қайта қызметіне кіріскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы ауданның бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялап, екі орынбасарын міндеттерінен шектеу туралы ғана жарлық шығарды. Бірақ, мазақ қылғандай, ол екі орынбасары осы аурухананың орынбасары болып тағайындалды. Халық қайран қалып отыр, – деді ер адам

Денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайдан кейін аудандық ауруханаға мониторингтік топ жіберіп, қызметтік тексеріс жүргізген. Жедел штаб құрылып, еңбек кодексіне сәйкес бас дәрігерге қатаң сөгіс жариялаған. Ал орынбасарлары жұмыстан босатылған дейді. Сондай-ақ полиция ана мен бала өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қызметтік тексеру барысында әйелдің босану протоколына сәйкес жүргізілгені анықталды. Босану кезінде пайда болған асқынулар қайтымсыз салдарға әкелді. Қазіргі уақытта сот медициналық сараптамасының түпкі қорытындысы жоқ болғаннан кейін диагнозді түсіндіре алмаймыз, – деді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының орынбасары Әсем Орынбаева. 

Гүлнар мен Ұланның мектеп қабырғасында оқитын екі қыз, бір ұлы бар. Үш баланы анасынан айырғаны үшін денсаулық сақтау министрі аудандық ауруханаларды тексеріп, өлімнің нақты себебін анықтасын деп отыр.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?